Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Өрт қауіпсіздігі: Пешке от жаққанда нені ескерген жөн?

617

Тағы бір зардап –  бұл пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу, кейде жылыту аспаптары толық жарамды болған кезде де қиын жағдайлар туындайды. Осыған байланысты төтеншелік маманы мынандай кеңестерімен бөліседі:

„Пешті бензин, керосин немесе басқа да тез тұтанатын сұйықтармен  жағу кезінде және ұзындығы пештің өлшемінен асатын ағаш отынды пайдаланғанда, сондай-ақ пешті шамадан тыс қыздыру өртпен аяқталады. Пешті шамадан тыс қыздыру жиі қателіктерге ұрындырады. Пештің үстіңгі жағы жылу екпінінен аса тиісті температураға дейін қызады. От жағу аяқталғаннан кейін, бірнеше уақыт өткен соң кірпіштің сыртқы және ішкі беттерінде температура бірдей бола бастайды, бұл пештің шамадан тыс қызуына әкеп соғады. Осыны болдырмау үшін, жанатын отынның көлемін қатаң қадағалау қажет.

Көп уақыт жанбаған суық пешті жұмыс температурасына баяу жағып келтіру қажет. Ол үшін отынды жағар алдында аз салу керек.

Сондай-ақ осы тақырыпты айта отырып, пеш жағатын үй тұрғындарының басқа қауіптерін айтпай кетпеу мүмкін емес. Сөз барлық материалдардың (көп жағдайда синтетикалық, пластикалық, лак, маталардың кейбір түрлері) іс жүзінде жануынан бөлінетін улы газ туралы болып отыр. Түсі мен иісі болмайтын осы қоспалар ауада шоғырлануына байланысты адамдардың әр түрлі ауыр дәрежеде улануына әкеп соғады.

Қызыл сөзден гөрі факті көрсеткендей, улы газбен улану себебінің  49 проценті өрт кезінде адамдардың қаза табуы болып табылады.

Улы газдың түсі, дәмі және иісі болмағанымен уландырғыш болып табылады және тітіркендірмейді, оны адамның табуы өте қиын. Пештің түтіндігін ерте жапқаннан улану жиі болады. Толық жанып бітпеген көмір көмір-қышқыл газымен өзара әрекеттесіп, улы газ пайда болады„, – дейді Сабанбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз