Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оралдықтар газ жарылысынан зардап шеккен әйелді емдеуге қаражат жинап жатыр

Қазір Әселім зонд арқылы тамақтанып, кислород аппаратымен демалып жатыр, тілдесуге тырысады. Жансақтау бөлмесінде жарақаты тезірек жазылу үшін үнемі ауа циркуляциясы жүріп тұрады.

Әйелдің іште шетінеп кеткен нәрестесінен бөлек, екі ұлы бар.

“Ұлдар анасын ойлап, қатты уайымдап жүр. Ұялы телефонға видео-сәлемдеме жазып жіберіпті, жұбайы Әселімге көрсетті. Үш рет көріп, көзіне жас алды”, — дейді Ерлан Нығметов.

Әселім Нығметованы емдеуге кем дегенде бір жыл кетеді, қаражатты бөліп төлемек. Бірінші бөлігі – 100 мың рублді туыстары төлеп қойған.

Зардап шеккен әйелге көмектескісі келген жандардың өтінішімен туыстары ақша аударуға реквизиттерді жариялаған екен.

Қазір Әселімнің шотына 2 миллион теңгеден астам аударылған. Қаражат жинау әлі де жалғасып жатыр.

Ниет білдірушілер әйелдің туыстарына хабарласа алады: 8 707 404 12 80, 8 775 236 92 56.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз