Оралда бүгін таңертең сағат 08.00-дер шамасында ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, үш-төрт адам төбелескен. Сол жер қоршауға алынып, полиция қызметкерлері жұмыс жасады. Соның салдарынан осы маңдағы көшелерде көлік кептелісі болды.
«Қазіргі кезде оқиғаның неден болғанын анықтау үстіндеміз. Тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Ғабдуллин.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 07.29-да шақырылған. Жедел жәрдем бригадасы 07.35-те жеткен. Жасы отыздар шамасындағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Денесінде көптеген жарақаттар болған.