Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-2
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

Оралда сұйылтылған газ екі есеге қымбаттады

Энергетика басқармасы атап өткендей, «Орал-Дарьинск» тас жолында жөндеу жүргізіліп жатқанына байланысты қалаға газ жеткізу кешеуілдеп жатыр. Газ жеткізушілер Шынар кен орнынан көгілдір отынды нақ осы жолмен жеткізеді екен. „Ал жекеменшік станциялардағы бағаны төмендетуге біз қауқарсызбыз„ – деп отыр шенеуніктер.

– Жеңілдікпен сату бағасы тоннасына 11 мыңнан 23 мың теңгеге дейін көтерілді. Жекеменшік газ құю станцияларын бақылауға еш құқымыз жоқ. Үш оператор газды жеңілдікпен алады және бір литрін 39 теңгеден сатады, – дейді БҚО Энергетика басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев.

Айта кетсек, осыған ұқсас жағдай көршілес Ақтөбе қаласында да орын алып отыр. Алайда мәселені шешу үшін атқарушы органдар жекеменшік станциялардың қожайындарымен сұйылтылған газ бағасын негізсіз көтермеу туралы меморандум бекітті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз