Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Оралда қаскөй күйеубала әйелінің әкесі мен шешесін өлтірді

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға 10 мамырда Орал қаласындағы ықшамаудандарының бірінде болған. Қару асынған 38 жастағы азамат әйелі мен ұлы тұрып жатқан пәтерге кіріп, қайын жұртының ойранын шығарған еді. Қатыгез азамат табалдырықтан аттай сала аңшылық мылтықпен ата-енесіне оқ жаудырған. Шабуылға тап болған егде әйел жедел-жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмса, отағасы ауруханаға жеткізілген болатын. Із суытуға тырысқан қаскөй көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Қазір қанды қылмысқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, әке-шешесінен айырылған Нәдия Дәулетшина жауыз күйеуінің қатаң жазаға тартылуын сұрап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз