Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Оралда кассирлерді алдайтын Иран азаматы ұсталды

Орал қалалық ішкі істер басмқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, ұсталған азамат өзін шетелдік кәсіпкер ретінде таныстырып, фирмаларға кіріп, тауар сатып алуға уәделескен болып, кассирлерді алдаған. Нақтырақ айтқанда,

кассирді әңгімеге тартқан ол өзін теңгенің ірісінен коллекция жинайтынын айтып, сейфтегі ақшасын көрсетуді сұраған.

Сосын ақшаны ұстап тұрып, әмиянымен көлегейлеп, белгілі бір бөлігін қалтасына басып отырған. Қазіргі кезде өзін Иран елінің азаматымын деп отырған шетелдік тұрғынға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына, „Алаяқтық„ бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қармағына түскендердің саны бұдан да көп болуы ықтимал.

Еске сала кетейік, бұл өңірде алаяқтық көбейіп отыр. БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тек өткен аптада облыста тоғыз бірдей алаяқтық дерегі тіркелген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз