Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Оралда екі баланың 21 жастағы анасы жоғалып кетті

“Таңғы алтыда шаруаларымен қалаға барып келетінін айтқан. Балаларға қарай тұруымызды өтінді. Күйеуі Оралда тұрады, соған кетті екен деп ойладық. Бірақ күйеуі Жұлдызды көрмегенін айтып отыр. Ұялы телефоны жиі сөніп қалады, жоғалып қалған болуы мүмкін”, – деді қыздың туыстары.

Жұлдыздың екі баласы бар, тұңғышы 4 жаста, кенжесі бір жыл төрт айлық.

“Кенже баласының өкпесіне суық тиген. Осымен төртінші күн анасын іздейді”, – деп хабарлады жоғалып кеткен қыздың туысы.

Қыз қысқа қоңыр күрте мен түрлі түсті белдемше және балетка киген. Жұлдыздың туыстары қандай да бір мәлімет білетіндерден 8 (702) 665-53-45 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз