Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Оралда екі апта бұрын жоғалып кеткен қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрайды

Гүлдананың анасы Альбина Төлеуованың айтуына қарағанда ол қызымен бірге 21 қазан күні кешкі ас ішкен, таңертең қызы жоғалып кеткен.

“Барлық заттары үйде қалған. Өзімен телефонын да, ақша да, құжатын да алмаған. Қара қыстық күрте мен қара шалбар, қара бәтіңке киген. Ауырып жүрген жоқ еді. Жанжалдасқан емеспіз. Дауыс көтеріп ұрсысқан жоқпыз.

  Ол менің жалғыз қызым. Педагогикалық колледжде оқыды.  Жазда диплом алуы керек. Өзінің қайда кеткенін ылғи ескертіп жүретін. Тұрмысқа шығу туралы ойы болған жоқ. Оның қайда екенін болжай да алмаймын”, – дейді анасы Альбина Төлеуова.

Қыздың желідегі парақшасының барлығы өшірілген.

Гүлдананың анасы қызын көрген – білгендерден , көпшіліктен көмек сұрайды.

“Егер  қызымды күштеп отырғандар болса қайтаруларын сұраймын.Полицияға жазған арызымды қайтып аламын. қызымды аман-сау күйінде қайтарыңдар, сіздерге ештеңе болмайды”, дейді гүлдананың анасы.

Гүлдананың ата-анасы қыздары жайлы қандай да бір ақпарат білетіндер болса полицияға немесе 8 7775691088 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз