Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Оралда «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» атты алғашқы халықаралық форум басталды

Сонымен қатар форум жұмысына отандық сарапшылармен қатар Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Венгрия, Франция және Иран Ислам Республикасынан келген халықаралық қонақтар, ғалымдар мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысып отыр.

Форум аясында қой шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, мал шаруашылығындағы инновациялық тәсілдер, экологиялық тұрақтылық пен экспорттық әлеуетті кеңейту бағыттары кеңінен талқыланбақ.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөздерінде ауылдың әлеуетін арттыруға ерекше назар аударып келеді және 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы»деп жариялаған болатын. Бұл бастама – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, нақты өндіріс пен кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа серпін беруге бағытталған маңызды қадам», – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

«AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» халықаралық форумында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, көрмелер, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылмақ.

Форумның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, заманауи технологияларды енгізу арқылы отандық қой шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз