Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Оралда аудандық аурухананың бас дәрігері әйелді қағып кеткен (видео)

“Ниссан” жүргізушісі әйелдің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқандығын айтты.

“Мен бағдаршамда, бірінші қатарда тұрдым. Қызыл түс жанып тұрған. Лезде жасыл жанып, мен жай қозғала бастадым. Бірақ адамдар жолдан өте бастаған. Мен олардың қызыл түске не үшін өтіп бара жатқандығына таң қалдым. Секундтан кейін ол менің капотымда жатты. Мен тоқтап үлгере алмай, оны басып кеттім. Жылдамдығым өте баяу болды. Мен ештеңені білмей қалдым. Мен өзім аудандық аурухананың бас дәрігерімін. Конференцияға келдім”, – деді жүргізуші.

Белгілі болғандай, көлік тізгінінде Теректі аудандық ауруханасының бас дәрігері болған.
Қазір науқастың жағдайының ауырлығы орташа. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

 

Дерек көз:Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз