Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Орал әкімінің орынбасары танымал актрисамен Голливудта демалып жүр (фото)

499

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің басшысы Болат Исақов Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде ведомство жүргізген тексерістер туралы айтты.

https://kaz.365info.kz/khazakh-aktrisasy-deputatpen-birge-demalyp-zhyr-foto-video-275222

Нақтырақ айтсақ, шенеуніктердің әлеуметтік желілердегі аккаунтарына тексеру жүргізілген. Осы арқылы мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексіне нұқсан келтіретін әрекеттері туралы ақпарат алынады.

“Мемлекеттік қызметкерлердің аккаунттарынан этикалық нормаларға сай келмейтін 186 суретті анықтадық. Ескерту айтылған соң шенеуніктер барлық жазбалары мен пікірлерді өшіріп тастады. 48 шенеунік тәртіптік жазаға тартылды”, – деді Болат Исақов.

Брифингте журналистер Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев туралы сұрақ қойды. Жуырда ғана шаңырақ құрған ол жұбайымен бірге Голливудта демалып жатыр деген ақпарат тараған болатын.

Бұл ақпараттың тарауына оның жары Нұрбигүл Егізованың Instagram желісіне жүктеген суреті себеп болған еді.

“Біз мемлекеттік қызметкерлердің өзіне ғана тиесілі аккаунтарды тексереміз. Біз олардың жұбайларының парақшаларын қарамаймыз. Мен бұл жайт туралы алғаш рет естіп отырмын. Алайда, шенеунікке тиісті нұсқаулар айтатын боламыз”, – деді Болат Исақов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз