Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қор болған қазақ тілі немесе Қазақстан неге шала мемлекет?

839

555

Жарнамадағы қазақ тіліндегі сөйлем де орыс тілінен аударылмай, қазақша айтқысы келген дербес мағынасында жазылған жөн.

10314548_795178167239839_4099363385646632057_n

Айталық, әншейінде жаңадан ашылған дүкеннің төбесінде жазылып тұратын “Мы открылись” деген сөзді “қазақшаны жетік білеміз” дейтіндер “Біз ашылдық” деп аударады. Осы дұрыс па, қалай ойлайсыз? Жоқ, себебі орысшасынан тікелей мағынасында аударылып тұр. “Қош келдіңіздер!” деген екі ауыз сөз жеткілікті. Ашылғанын да, жұмыс істейтінін де айтып тұр.

AsIXEyxCEAAF9j8

Бірақ, бізді кім тыңдайды. Тыңдамағанның, қазақтілді ортадан оқшау өмір сүргеннің салдарынан Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларындағы көшелерде “сақау” жарнама самсап тұр.

af738e

Қарап тұрып, күлкің келеді. Жылай-жылай жасымыз таусылған. Айта -айта аузымыз талған.

жарнама кателик

11051793_664994816980718_8375375009765231120_n

“2020 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы қазақша сөйлеуі тиіс” деген тапсырма бар. Жарнамадағы мемлекеттік тілдің мүшкіл халіне қарап, халықтың 95 пайызы қазақша сөйлейді дегенге сенбейміз. Жоқ, рас.

жарнама (1)

Бұдан біраз бұрын еліміздегі әуе тасымалдаушының компанияның бірі “Приятного аппетита” деген орыстың сөзін “Сүйкімді тәбеттің” деп аударғанын көрдік. Қазақтілді ақпарат құралдары шу көтергесін ақыры түзетті. Біз айтпасақ, дәл бұлайша қашанға дейін жүретіні белгісіз еді. Сайып келгенде мәселе мұнда емес. Әлгі компанияда “Ау, мынауымыз қалай? Дұрыс емес қой?  “Ас дәмді болсын!” деген қазақтың сөзі бар емес пе?” дейтін мемлекеттік тілді меңгерген бір адам табылмаған. Сонда мұндай жерлерде кім істейді?

11210403_691938017599761_6920353091314702312_n

10003254_621232844690249_4480277776841133679_n

10978577_621167868030080_6589599658020560607_n

Бұдан нені байқаймыз? Билік қазақ тіліне емес, орыс тіліне мұтаждық туғызып отыр. Мемлекет мұны мойындамауы мүмкін, бірақ біз күнделікті өмірде мұны көріп те, біліп те, бастан өткеріп те жүрміз.

тил

Анығын, қазіргі жарнамадағы қателіктердің барлығы “мазақ қылу”. “Мазақ қылатындар”  бұл үшін оларды ешкім жазаға тартпасын біледі.

A96E9DBE-2D26-4CB5-8349-BC841EBAE771_mw1024_mh1024_s

“Жарымжан” жарнамаға жаза бар ма? Әр өңірдегі Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді және сол мемлекеттік тілде сөйлейтін алып аудиторияны мазақ қылып отырғандармен қандай күресіп жүргізіп жатыр? Белгісіз.

11407045_10153372288799100_2486137328281112955_n

“Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Ресейден іргемізді аулақ салып үлгермегенімізді сылтаураттық. Ал, енді Тілдерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған кезде, Тәуелсіздігіміздің төрінде жүріп кімге, не үшін мұңымызды шағамыз?!” дейді қазақтілді басылымдар. Рас айтады.

a461d5142db6e7445f42c80f58c3f0ed

10408888_779956408755799_5449833814158216237_n

11147085_668805556599644_7100964709674746303_n1

Мемлекеттік тілдегі қателіктерді көз көріп тұр. Оған сонда кімді кінәлаймыз? Жарнама агенттігін бе, әлде тапсырыс берушіні ме, әлде өзімізді ме?!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз