Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматы дәрігерлері ауыр жарақаттан кейін науқастың көру қабілетін ішінара қалпына келтірді

Алғашқы кезеңде шұғыл хирургиялық көмек көрсетіліп, жарақат тігілді. Кейін науқастың жағдайы тұрақтанған соң реконструктивтік ота жасалып, жасанды нұрлы қабық пен көз бұршағы салынды. Бұл үшін арнайы тапсырыспен дайындалған жеке имплант қолданылған.

Емдеудің соңғы сатысында қасаң қабықты трансплантациялау отасы жүргізілді. Донорлық материал көп мүшелі донорлық бағдарлама аясында туыстарының келісімімен мәйіттік донордан алынған.

Кезең-кезеңімен жүргізілген емнің нәтижесінде дәрігерлер көз алмасын сақтап қана қоймай, көру қабілетін де ішінара қалпына келтіре алды. Қазіргі таңда науқастың көру деңгейі шамамен 10 пайыз. Мамандардың айтуынша, мұндай ауыр клиникалық жағдайда бұл көрсеткіштің өзі үлкен жетістік.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз