Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қос министрліктің іргесінде әрекет еткен ірі қылмыстық топ құрықталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті нақтылап өткендей, Жұмқазиевтің өзі Қорғаныс министрлігінің конкурстық комиссиясын басқарған.

Ол өзімен сыбайлас кәсіпкерлердің мүддесін лоббилеп отырған. Ал өзінің қылмысын жасыру үшін Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрлігінің қадағалаушы органдарындағы сыбайлас шенеуніктердің мүмкіндігін пайдаланған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери барлау департаментінің қызметкерлері 8-тамызда Жұмақазиевті 20 миллион теңге пара алып жатқан жерінен құрықтады.

Жұмақазиевтан тыс Қорғаныс пен Қаржы министрліктерінің 5 шенеунігі, сонымен қатар 4 кәсіпкер ұсталды. Ұлттық және шетелдік валюталар түрінде қомақты сома тәркіленді.

Қазір тергеушілер бұл қылмыстық топқа өзге лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлердің қатысы бар-жоқтығын анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз