Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

“Сен қатын байыңа ие бол”. Жан құрбым Арайлымның опасыздығы

408

Иә, бақытты отбасы едік. Бірақ қазір тас-талқан болған ошағымыз.

Бар пәле күйеуінен ажырасқан дос келіншекті үйге кіргізуден басталды.

Арайлым екеуіміз студент кезден дос едік. Бір бөлмеде тұрдық. Оқуды бітірген соң да араласып тұрдық. Ол да тұрмысқа шықты. Бірақ араларында бала болмады. Ақыры, былтыр ажырасып кеткен. Күйеуі бір жаққа, Арайлым бір жаққа кетті. Содан пәтер жалдап, қиналып жүрген оны үйге шақырдым. Төрт бөлмелі үйдің бір бөлмесін соған бердік.

«Уақытша болса да тұра тұр. Кейін көре жатарсың. Бәлкім, жаныңа жақын адам кездесіп, тұрмысқа шығып кетерсің», дегенбіз.

Күйеуім де қарсы болмады. Солай Арайлым біздің үйдің бір адамы болып шыға келді. Арада жылжып айлар өтті. Бәрі жақсы секілді. Таңертең күйеуім менімен Арайлымды жұмысқа жеткізіп тастайды. Кейде кешкілік алып қайтады.
https://kaz.365info.kz/shalkhar-aga-aldap-ketti-paktigin-zhogaltkhan-student-khyzdyn-okhigasy-259242
Арайлым да күйеуімді «аға» деп құрақ ұшып тұрды. Күйеуім де ол дегенде аянып қалмайтын сияқты. Өмір өтіп жатты. Бір күні бір подъезде тұратын тілі шайпау келіншекпен болмайтын бір нәрсеге ұрсысып қалдым. Сол-ақ екен ол

«сен қатын байыңа ие бол. Бүкіл көрші біткен сені сырттан табалап күліп жүр. Неге екенін білесің бе?» демесі бар ма, кекетіп.

«Елдің байы менің байымдай болып алсын», – дедім, күйеуімнің іскерлігін алға тартып.

«Пішту, байымыз сенің байыңдай болмай-ақ қойсын. Подружкаңды ойнас жасап алған еркек еркек пе? Шын сері болса, көңілдесті сырттан іздемей ме? Үйдегі келіншекке артылғанша! Масқара!», – демесі бар ма?

«Не айтып тұрсың?» деп тап бердім.

Ол да шаңқылдап қоймады. Подъезді басына көтеріп,

«сенбесең, мына көршілердің бәрін шақырып сұра. Қажет болса, байыңды аңды. Үйіңдегі келіншекті кешке алып келіп, анау төмендегі үйдің ар жағындағы тұраққа көлігін қойып, ішінде не істейтіндерін көр», – деді.

Әлгі келіншекті сөзден жеңе алмайтынымды біліп, жылаған күйі үйге кіріп кеттім.

Содан бастап көңіліме күдік кірді. Расында, Арайлыммен күйеуім бір-біріне бір түрлі көзбен қарап, кейде ыммен сөйлескенін байқап қалдым.

«Әлгі көрші қатынның айтқаны рас болды-ау», деп түйдім ішімнен.

Бірақ сыр бермедім. Бір күні жұмыстан ерте келдім. Күйеуіме телефонмен айтып қойғанмын,

«ауырып тұрмын, үйге қайта беремін» деп.

Ол «жарайды, қайта бер. Мен жолдан Арайлымды алып бірақ қайтамын», – деген.

Үйге келе салып, тамақты апыл-ғұпыл пісіріп, далаға шықтым. Ойым – күйеуімді аңду. Алыстан көлік тұрағын қарап жүрмін. Әйтеуір, қас қарая күйеуімнің мәшинесі көрінді.

Қаптаған машинаның ішіне тоқтады. Тал арасынан сығалап қарап тұрмын. Машинадан түскен күйеуім жан-жаққа бір қарады да, арт жақтағы есіктен ішке енді. Содан түспеді. Дала қараңғы. Араға біраз уақыт салып машинаға жақындадым. Ішінде бір адамдар алысып жатқандай, машина кейде тербеліп кетеді. Кейде дір-дір ете қалады. Есіме көрші келіншектің айтқаны түсті. Қаным басыма тепті. Қалай машинаға барып есігін тепкілегенімді білмеймін. Алдымен сөлбірейіп күйеуім түсті.

Артынан үсті басы умаж-умаж, шашы додадай болып Арайлым түсіп келеді.

«Жәлеп, өз байыңды құртып, енді менің байыма түстің бе?», – деп оған тап бердім.

«Қойшы, Толғанай, арамызда түк болған жоқ. Енді келіп тоқтап жатырмыз ғой», – деп күйеуім қолымнан шап берді.

«О сорлы, келгеніңе жарты сағат болды. Мен бәріп көріп тұрмын. Мені мазақ етіп жүрген екенсіңдер. Бүкіл көрші сендердің ашына екендеріңді, осы жерге келіп, қызойнақ жасайтындарыңды біледі. Сенбесең, беттестірейін бәрімен», – деп күйеуімді шапалақа бір салдым.

«Кешір Толғанай, кінә менен. Күйеуіңді қойныма тартқан менмін. Табиғи қажеттілік шыдатпады», – деп Арайлым мені құшақтап жылап жіберді.

Не дейін,

«Қарабетсіңдер. Енді менімен тұрмайсыңдар», – деп, екеуін де үйден сол түні қуып шықтым.

Өйткені екеуін де кешіре алмадым. Екеуі де маған опасыздық жасады. Қазір екі баламды құшақтап түндерде таң атқанша жылап шығамын. Қиын.

Бірақ опасыздықты кешіруге бола ма?

Бірі – «мәңгілік біргеміз. Бірге өмірден өтеміз. Өлгенше сүйіп өтемін» деген жарым. Екіншісі – студент жылдардан қыл өтпестей дос болған, ол қиналып жалғыз қалған кезде, қол ұшымды беріп, өзіме тартқан жан құрбым. Екеуі де маған опасыздық жасады.

Оларға кешірім болуы мүмкін бе? Білмеймін. Балаларым «әкемізді сағындық» деп қыңқылдай береді. Не істеймін?

Аян Мырзабек

https://kaz.365info.kz/ajelim-men-bazhamdy-tosekte-zhatkhan-zherinen-ystadym-shymkentte-bolgan-okhiga-276176

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз