Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Оның кінәсі жоқ…”. Айнұр Тұрсынбаева ағынан жарылды

485

Өзім ғана сүттен ақ, тазамын. Және жұртты жақтырмаған сайын мінезім ашуланшақ болып кетті. Жұрттың бәрі “саған не болған” дейтін болды, менен алыстай бастады. Сыртымнан өсек көбейді.

Бір күні миыма бір ой сарт ете қалды.

“Тәәәк, маған неге ылғи нашар адамдар жолығады осы, неге мен жұрт сияқты жарқырай алмай қалдым, неге менің жолым сәтсіз бола берді.”

Сол кезде түсінгенім олар емес мен нашар екенмін. Тек қана өзім кінәлімін бәріне деген программаны миыма қойдым. Сол сәттен бастап өмір өзгерді. Адамдар да өзгерді, достар да көбейді, көңіл-күйім де өзгерді.

Өмірде ең қиыны өзіңді өзгерту. Ашуланатын кезде өзіңізді тоқтатып үйренсеңіз ақырында ашуланатын адам таппай қаласыз. Жек көретін адамның да жақсы жерін тауып мақтап үйренсеңіз жаныңызда достар көбейе бастайды…

Адамдарға қызғанып емес, қызығып қарасаңыз сол қызыққан дүниеңіз көп ұзамай-ақ сізде де болатын болады.

Құдайға шүкірлікті көп айтсаңыз нығметтің астында қаласыз ! Қанағат еткен сайын адамның несібесі көбейе береді.

Жүрегіңізді тыныштандырып үйренсеңіз жүзіңізде нұр пайда болады. Адамның бетіне қарағанда жымиып қараңыз!

Үйден кір киіммен шықпаңыз! Көңіл күйіңіз болмаса көпшіліктің ортасына кірмеңіз! Отбасының құпиясын сыртқа шығармаңыз! Ешқашан, ешкімнің алдында ақталмаңыз! Өмір тамаша достар! Мен сіздерді ерекше жақсы көремін…”, деп жазды Айнұр ханым басынан өткен өмірі жайлы. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз