Әріптестері емделу үшін барып, бейнебаян түсіріп қайтқан Жігер Ауыпбаевты сынады. Оған аурумен ойнамауға кеңес бергендер де болды. Арасында мұны өсек әңгімеге балағандар да табылды.
Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды деп жазады Stan.kz.
Мырзахан Маханов өзінің дертін жұрттан жасыруға тырысқан екен. Жігер Ауыпбаев керісінше екі бүйрегіне ота жасалады деп жар салды. Ал «Диета.кз» тобының әншісі мұны қауесетке балады. «Бұл – өсек әңгіме. Жігер кішкене ғана ауырып, тексерілу үшін аттанды. Жолы түсіп тұрған соң тексеріліп қайтты», – дейді Жасұлан Базарбаев.
https://kaz.365info.kz/otirik-dostar-eken-zhiger-auypbaev-melomen-tobynan-ketuinin-sebebin-ashyp-ajtty-255524
Әріптестері әншінің бұл әрекетін ұнатпады. «Меніңше, басқа жұмыспен бара жатып артынан басқа тақырыпта сөз қозғау – мүлдем бөлек әңгіме», – дейді Бағлан Әбдірайымов.
Ал жуырда ота жасатып келген Мырзахан Маханов оған аурумен ойнамауға кеңес берді. «Дерт адам баласына берілмесін деп тілеймін. Ол – ойнайтын зат емес. Онымен пиар жасауға болмайды. Тамағым әлі күнге дейін ауырады. Аурумен олай ойнауға болмайды. Басына түскен адамдар мұны түсінеді», – дейді Мырзахан мырза.