Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Оны жемеңіз!». Адамды тез қартайтатын қандай тамақтар?

378

Маманның сөзінше, осындай азық-түліктің бірі қант және құрамында қанты бар заттар.

Дәрігердің айтуынша, ағзада онсыз да қант өндіру процесі – гликирлеу үздіксіз жүріп отырады. Ал қантты қосымша пайдалану жасушаларды тым нәзік етіп тастайды.

“Қандағы қант мөлшерінің артуы коллаген тіндерінің созылғыштығынан айырады. Ал олардың сынған тұстарында әжімдер пайда болады. Қан тамырларының да жағдайы нашарлап, инфаркт пен инсульт қаупі артады”, – дейді дәрігер.

Кәрілікті жеделдететін азық-түліктің тағы бір түрі – ет өнімдері. Мұндай өнімдердің құрамындағы үлкен мөлшердегі фосфор қосындылары ақуызбен байланысып, бүйрек пен қан тамырларына зиян келтіреді.

Сонымен қатар, алкоголь өнімдері де өте зиян. Спиртті ішідіктерді ара-тұра пайдалану да ағзаның жылдам қартаюна әкеледі. Ағзаға түскен спирт молекулаларын жоюға сұйықтықтың бірден үлкен көлемі жұмсалады. Ал жасушалардың сұйықтықтан айырылуы оларды әлсіз етіп, адам терісі әжімдену мен қабынуға бейім болады. 

kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз