Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Оны танымаймын”. Мәскеуде терезеден құлап қайтыс болған қыздың өліміне күдіктілер бостандықта жүр

Анау-мынау емес Мәскеудегі ең мақтаулы оқу орнының терезесінен Томирис Байсафаның құлап кетуі детективтегідей жұмбаққа толы боп тұр. Өйткені, іші-сырты құжынаған студентке толы ғимаратта «көрдім, білдім» деген ешкім жоқ. Тек кейбір мәліметтер бойынша, қызды Магомед Котиев деген дағыстандық студент итеріп жіберген болуы мүмкін делінген. Алайда, онысы да көп кешікпей жоққа шықты.

Магомед Котиев: “Қызды мен итеріп жіберген деген сөз тарап жатыр. Бірақ, олай емес. Оны бір-екі рет көргенім болмаса, мүлдем танымаймын. Есімін де білмеймін. Тіпті, құлаған кезде басқа жерде болғам “.

«Томиристі танымаймын» деп бұл жігіт басын ала қашқаны сол еді келесі күдіктінің аты аталды.

Дағыстанның бұрынғы Үкімет басшысының баласы Муртузали Меджидовті тергеушілер шақыртып алған. Өйткені, сол күні қыз бен жігіттің аудитория ішінде қызыл кеңірдек боп ұрысқанын студенттер көріпті-міс. Қазақ қызы мен дағыстандық бай баласының екі жыл жақын қарым-қатынаста болғаны да іске жан бітіргендей болған.

Алайда, дағыстандық саясаткердің ұлы тек «куәгер» ретінде сұралып, іс сонымен бітті. Ал оқу ордасы болса оқыс жағдай дегенді ұстанып отыр. Десе де, анасы болашағынан зор үміт күткен баласының өліміне біреудің қатысы барына сенімді.

“Отандасымыз Астана уақытымен бүгін таңғы сағат жетіде көз жұмды. Біздің дипломаттарымыз Мәскеуде қайтыс болған қыздың ата-анасының жанында таңертеңнен бері жүрді. Қазір олар марқұмның денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру бойынша қажетті рәсімдерді жүргізуде. Біз осы жағдайда толықтай ат салысып, жақындарына көмек көрсететін боламыз”, деді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың мәйітін елге жеткізіп қана қоймай, тергеу ісіне де араласпақ. Алайда, әзірге айта қоярлықтай айғақ жоқ .

Халықаралық қатынастар институтында әлемнің 60 елінен қыз-жігіттер оқиды екен. Алайда, 54 тілді үйрететін білім ордасы отандасымыздың өліміне әкеп соқтырған оқиғаны ешкім көрмеді деп отыр. Ал марқұмның тілге келмей жан тапсыруы істі мүлде қиындатты. Айта кетсек, құзырлы органдар Томиристі «өлімге итермеледі» деген баппен іс қозғаған еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз