Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару үдерісі биыл да жалғасады – министр

366

Біздің оңтүстігімізде ел халқының 38 пайызы тұрады. Олар – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары. Ал шамамен 17 пайыз халық солтүстік өңірлерде тұрып жатыр. Егерде мұндай жағдай одан ары сақтала беретін болса, онда болжамға сәйкес, 2050 жылға қарай оңтүстік өңірлердің халқы 5,2 млн. адамға жетеді.

Солтүстік өңірлердің халқынан 4 есеге асып түседі, ал солтүстік өңірлердің тұрғындары 1 млн. адамға кемиді», – деді министр.

Оның атап өтуінше, қазірдің өзінде оңтүстік өңірде 100 жаңа туған балаға 12 қарт адамнан келсе, солтүстік өңірде 100 жаңа туған балаға 53 қарт адамнан келеді. «Яғни, қазірдің өзінде еңбек ресурстарына қатысты мәселе туындауда», – деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» жүйеге асырылған жылдардың ішінде оңтүстік өңірлерден Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарына 19 мың адам көщіп барған. Оларға бағдарлама аясында 5,4 мың қызметтік пәтерлер мен жатақханаларда бөлмелер салынған.

«Бұл саясат одан ары да жалғаса береді. Дегенмен, ендігі уақытта жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы аясында баспана салу қарастырылмайды. Өйткені, «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бірақ, жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы аясында қоныс аударушылардың жалға алатын баспаналарына төлем жасау мүмкіншілігі қарастырылады. Отбасы мүшелерінің санына байланысты әрбір мүшеге 34 мыңнан 68 мың теңгеге дейін баспана жалдауға субсидия беріледі.

Мәселен, бір адам келсе, онда оған қалалық жерде баспана жалдауға 20 айлық епестік көрсеткішке беріледі. Бұл – шамамен 45 380 теңге.

Егер отбасында 2-ден 4 адамға дейін болса,онда 25 АЕК беріледі. Мұнан бөлек, жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй салу мүмкіншілігі де қарастырылуда», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз