Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Оңтүстіктегі ауылда арықтың суы ауыз судан таза болып шықты (видео)

113

Бұл туралы tvk-uko.kz жазды.

– “Иіс қайдан шығып жатыр. Сендер төгесіңдер зауыттағы қалдықтарды. Соның иісі”.

Зауыттан аққан қалдық судың иісі расыменде қолқаны қабады. Оның үстіне айнала күл-қоқысқа толы. Шыбын-шіркей қаптап, елдің мазасын қашыруда. Шырылдаған халық талай рет кәсіпорын басшылығына барыпты. Бірақ, мәселе шешілудің орнына ушыға түскен. Өйткені, кәсіпкер мамандардың көмегіне жүгініп, зауыттан шыққан қалдық судың таза екенін дәлелдепті.

Нуриддин Аидинов, кәсіпкер:

– “Міне су ағып жатыр. Тап-таза. СЭС-тен адам келді. Арықтан су алып тексерді. Арықтағы су ішетін судан таза болып шықты. Мамандардың өздері таң қалуда. Біз зауытта консерві құтыларын жуамыз. Қияр, қызанақ жуамыз”.

Бизнесмен айтқан тап-таза судың сиқы мынау. Тұрғындар мұны ішпек түгілі, малына беруге қорқып отыр. Себебі, күл-қоқыс араласып, зиянды қалдық төгілген арықтан қандайда бір ауру жұғама,- деп алаңдайды. Бірақ, өзге су арнасы болмағандықтан, амалсыз пайдалануға мәжбүр.

Оразалы Кенжебеков, ауыл биі:

– “Енді жерді алғаннан кейін өз мақсатында пайдалану керек. Мына жерде қаншама халық тұрады. Малы өтеді ары -бері. Мына суды ішеді. Сосын малда, халықта ауруға ұшырайды”.

Жұрттың жанайқайы биліктегілердің құлағына жеткен. Шу шығарған қарашаға басу айту үшін ақ жағалылар Мәртөбеге арнайы келді. Енді мәселені бүге-шүгесіне дейін зерттеп, кінәліні заң аясында жазаға тартпақ. Шенділер бірінші кезекте жер учаскесі қандай мақсатта берілгенін анықтайды. Ал, СЭС қызметкерлері болса, судың сынамасын алып, зиян не зиян еместігін тексереміз,-деп бекініп отыр.

Мәлік Балтабаев, Қаратау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы:

– “Ұлттық сараптама орталығына сынама жібереміз. Сол жерде микробиологиялық зерттеу жүргізіледі. Содан кейін ғана қорытынды шығарамыз. Ал, көзбен көріп зиян деп айту қиын. Себебі, арық лас болғанымен су құрамы таза болуы мүмкін”.

Енді, тұрғындардың тағыда күтуіне тура келеді. Өйткені, тексеріс жұмыстарын жүргізуге біраз уақыт қажет. Ал, қоршаған ортаны ластаған кәсіпорын басшылығы тазалық жұмыстарын жүргіземіз,-деп уәде етті. Сондай-ақ, енді қалдық су арыққа емес, арнайы қазылған тұндырғышқа төгілетін болды.

Фото/видео: tvk-uko.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз