Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті жемқорлық үшін 15 жылға түрмеге отырды

Оның Samsung компаниясынан 5,3 миллион доллар пара алғанын сот дәлелденген деп шешкен. Пара алған Ли мен Бак  салық төлемегені үшін айыпталған Samsung компаниясының төрағасының жазасын жеңілдеткен.

Сонымен қатар экс-президентті көлік құралдарын шығаратын DAS фирмасының 22 миллион доллар табысын қолды қылғаны үшін айыптауда. Іс жүзінде компанияның басшысы болып Ли Мен Бак болған, құжат бойынша компанияны оның ағасы басқарған.

Ли Мен Бакке қарсы айыптар 16 бап бойынша сәуір айында басталған. «Барлық дәлелдерге қарамастан, ол өз кінәсін мойындамай, жауапкершіліктің бәрін басқаларға сырып, өзіне жала жабылғанын дәлелдемек болды. Барлық факторларды ескере отырып, оған қатаң түрдегі жаза беруді шештік», – дейді сот.

Сот процессі тікелей эфирде көрсетілді. Бұрынғы президент денсаулығына байланысты және тікелей эфирден көрсетілетініне қарсылық білдіріп сотқа келмеді. Оның жасы қазір 76 да, саясатқа Hyundai Construction компаниясының директорлар кеңесінен келген.

Басылымның мәлімдеуінше, мемлекеттің соңғы президенттері өздерінің мерзімдері біткеннен кейін түрмеге жабылған. Ли Мен Бактен кейін президент тағына отырған Пак Кын Хеде жемқорлықпен айналысты деп айыпталып 24 жылға сотталып, 95 миллион доллар айыппұл төлеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз