Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Оңтүстік Кореяда коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Сеул мэрі ашуға булығып отыр

431
Сурет: vox.com

Өткен аптада Оңтүстік Корея карантин режимінің аяқталғанын хабарлаған болатын. Соңғы бес күнде бірде-бір коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Алайда бір күн өткеннен кейін тест оң нәтиже көрсеткен. Төрт күннен кейін вирус жұқтырғандардың саны 80 адамға жеткен. 11 мамыр күні ресми өкілдер бір күннің ішінде 35 жағдайдың тіркелгенін анықтады. Бұл соңғы 40 күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Жұқтырғандардың 29-ы Итэвон ауданында орналасқан ЛБГТ-клубының өкілдері болып шықты. Сеул билігі қандай да бір жолмен ауру таратқан науқасты тауып алған. Ол 29 жастағы ер адам. 2 мамыр күні  түнде Итэвондағы ЛГБТ-қауымдастығын өкілдеріне арналған  бірден бас клубка болыпты.

Оңтүстік Корея неліктен карантинді алып тастады

Оңтүстік Корея 20 қаңтарда елдегі коронавирустың алғашқы оқиғасы туралы хабарлады. Ел үкіметі  инфекция жұқтырғандардың саны шамалы болса да бірден жаппай тестілеу өткізіп, оқшаулау, бақылау жұмыстарын қолға алды.

Бұл жұмыс өз нәтижесін көрсетті: мамыр айының басындағы жағдай бойынша 50 миллионға жуық халқы бар мемлекетте 11 мыңға жуық жағдай расталды (250 -ден астам адам көз жұмды). Көптеген елдермен салыстырғанда бұл айтарлықтай төмен көрсеткіш.

Оңтүстік Кореядағы коронавирус жағдайы тұрақты болып көрінді, өткен айда жалпы ұлттық сайлау өткізілді. Ал мамыр айының басында ел Үкіметі кейбір ескертулер енгізіп, 22 наурыздан бастап енгізілген әлеуметтік қашықтықты шектеуді әлсірету туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, билік халыққа әлеуметтік қашықтық пен жеке гигиена ережелерін сақтауға, адамдардың жиналуынан аулақ болуға, ал қандай да бір күдік туындаса тестілеуден өтуге өтініш білдірді.

Шектеулердің жеңілдетілуі  «аурудың өршуіне дейінгі «қалыпты жағдайға» оралу ретінде түсінілмеуі тиіс

Ресми хабарламада жұқпалы аурудың алдын алу мен бақылауды қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

Ендігі жерде ел екінші толқынға дайындалуды. Дүйсенбі күні президент Мун Чже-ин ұлттық теледидарда сөз сөйледі:

«Пандемияның екінші толқынына дайындалумыз керек. Біз вирусқа қарсы ұзақ соғысқа тап болдық. Оның көзін түпкілікті жойғанша, бұл күрес аяқталмайды».

Карантин режимін тоқтату босаңсуға себеп емес

Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда әлеуметтік қашықтық бойынша шаралар әрдайым ерікті түрде болды. Яғни, адамдар далаға шығып, ойын-сауық кәсіпорындары ашық болғандықтан, сауық кештеріне баруды жалғастырды.

Сәуір айында Сеул мэрі жастардан «қоғамды дағдарыс жағдайына әкелуі мүмкін ақылсыз мінез-құлықтан» алыс болуды сұрады.

Дегенмен, оңтүстік кореялық ресми тұлғалар қатаң шаралар қабылдаған жоқ, өйткені жаңа жұқтыру саны төмен болды. Алайда қазір бәрі өзгерді.

Сеул мэрі Парк Вон барлық мейрамханалар мен клубтарды белгісіз мерзімге жабуды тапсырды.

«Біз қауіпті кезеңде қарапайым тәртіп ережелерін елемеу инфекцияның өршуіне әкелуі мүмкін екенін көрдік, — деді ол.

Сондай-ақ, ол түнгі клубтарда болған барлық адамдарды өз еркімен келіп, тестілеуден өтуге шақырды. Ол қалай болғанда да бәрібір тестілеуден өтуге міндетті екенін де ескертті.

Оның айтуынша, бұл клуб мүшелерінің тізімінде 5,5 мыңнан астам адам бар. Ал бүгінде олардың тек 2,4 мыңы ғана тестілеуден өтті. Сондықтан ол құқық қорғау органдары мен телекоммуникациялық компаниялардың тығыз ынтымақтастығын ұйымдастыру туралы өкім етті.«Клубтарда және жақын аудандарда орналасқан барлық адамдардың тізімі жақын арада белгілі болады», — деп атап өтті.

Мэр өз еркімен келмейтіндерге 1 600 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынатынын ескертті.

«Бұл қажетті шара. Егер Сеул құласа, бүкіл Корея құлайды»,— деді мэр.

Осының барлығы вакцина немесе коронавирусты тиімді емдеу жолы табылғанға дейін ел шекарасын ашу, жағдайды одан бетер ушықтыруы мүмкін екенін дәлелдейді. Егер мұндай проблемалар Оңтүстік Кореяда туындаса, олар барлық жерде туындауы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз