Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея бітімге келді

199

Декларацияда Оңтүстік және Солтүстік Корея арасында жердегі, теңіздегі және әуедегі барлық жауласу әрекеттерінің тоқтатылатыны айтылған және демилитаризацияланған аймақты бейбітшілік аймағына айналдыру бастамасы көтерілген. Тараптар Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және АҚШ арасындағы үшжақсы келіссөздер жүргізуге күш салуға уағдаласты.

Сонымен бірге, Қытай мемлекеті қосылатын келіссөздердің төртжақты форматы болуы мүмкін екендігі де ескерілді. Аталған келіссөздер мақсаты – Корей соғысының (1950-1953 жылдар) аяқталуы мен Корей түбегінде мызғымас бейбітшілік орнату. Декларацияның ең маңызды әрі ең әсерлі бөлімдерінің бірі Корей соғысында бір-бірінен көз жазып қалған туыстардың табысуы болып отыр.

Оңтүстік және Солтүстік Кореяда тұрып келген туыстар бір-бірімен 15 тамыз күні кездеседі. Одан бөлек, Оңтүстік және Солтүстік Корея қорғаныс министрліктері арасында тұрақты келіссөздер жүргізіп тұруға уағдаласты.

Декларацияға сәйкес, алғашқы кездесу мамыр айында өтеді. Сонымен бірге, қос мемлекет шекара маңындағы Кэсон қаласында бірлескен байланыс бекетін ашуды ұйғарды. Бұл бекет ынтымақтастық және гуманитарлық мәселелер бойынша жұмыс істемек.

Екі елдің теміржолдарын жалғау бойынша да нақты қадамдар жасалады.

Дерек көз:Қазақпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз