Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Оңтүстік Қазақстанда мыңдаған дихан банкротқа ұшырады

Мақтаарал ауданындағы алқаптардың 80 пайызын бас-аяғы оншақты күн ішінде құрт пен мақта кенесі жайпап тастаған. Мемлекет бір дәрілесе, өзіміз үш мәрте у шаштық деген олар, одан да қайран болмағанын айтады.

“Мынау шанаққа дейін жеп қойған құрт. Ештеңе алынбайды. Мынау 1 аптадан кейін жеп бітіріп жібереді, болды. Көсекке дейін жоқ қып жібереді”, – дейді мақташы Әбсамат Аманбаев.

Соңғы рет мақтаға мұндай нәубет 19 жыл бұрын келген екен. Содан сабақ алған жұрт зиянкестермен күресуді мықтап қолға алғанбыз дейді. Десе де күзгі өнімнен түгел айырылған шаруалар, оны актілеуге тиісті орындардың да келмей отырғанын айтып, мұң шағады. Бар тіршілігі осы ақ алтынға байланысты жергілікті жұрт, енді қалай күн көреміз деп тағы алаң.

“Осы жылда жұрт мақтасын зауытқа апарып, ақша алатын. Бала-шағасына мектепке киім алатын. Биыл дымсыз қалдық”, – деді Бекберді Молдақадыров.

Ал шенеуніктер жұртқа келген жұттың себебі көп дейді. Бір жерге дақылды ауыстырмай тек мақта еге берген соң жердің құнары төмендеп, зиянкестерге ыңғайлы жағдай туындатқан. Оған қоса қыстың жылы, жаздың салқын болғаны да кері әсер етіпті. Тағы шаруалардың біразы үкімет бөлген препараттармен ғана шектеліп, зиянкестермен күресуге ерінген-мыс.

“Биылғы жылы министрлікке тиісті ұсыныс жолданды. Яғни 1-ғана ұрпағына емес, кемінде 2-3 ұрпағына дәрі шашу, химиялық препараттарды қолдануға мүмкіншілік жасауға мүмкіндік беруге”, – дейді Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ОҚО аумақтық инспекциясының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Шымкенттік шенеуніктер министрлік ұсынысты қолдаса келер жылдан бастап зиянкестер күрт азаярына сенімді. Бірақ биылғы шығынға өтемақы берілмейді екен. Сондықтан осы жұттан қалай аман шығарын білмей отырған шаруаларға үкіметтен келер қайран жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз