Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Оңтүстік Қазақстанда 19 жыл іздеуде жүрген азамат ұсталды

Шардара аудандық ішкі істер полиция бөліміне Ресейдегі әріптестерінен сұрау хат келіп түскен, онда Ресей Федерациясында екі адамды өлтірген күдікті Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында жасырынып жүр деп хабарлаған. Қылмыстық іс Минск конвенциясының келісімі бойынша жіберілген.

Полиция қызметкерлері күдікті азаматтың Шардара ауданында тіркеуде тұрғанын, оның тұрмыстық химия заттарын сататын фирмаға сауда өкілі болып жұмыс жасап жүргенін, сондай-ақ, басқа атпен өзін таныстырып жүргенін анықтады.

Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полиция қызметкерлері анықтағандай 54 жастағы күдікті азаматтың Шардара қаласында туысқандары бар екені анықтады. Ол негізінде Шымкент қаласында тұрған, алайда мекен жай бойынша оны таба алмаған. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралар барысында Арыс қаласындағы базардың бірінен күдікті азаматты ұстады. Сотқа дейін тергеу жүргізілуде.

Жиналған материалдар процесуалды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз