Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзін өзі ұрлаған болып шықты

Белгілі болғандай, Сайрам аудандық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, 1995 жылғы туысы із-түзсіз жоғалып кеткенін көрсеткен. Оның айтуынша, жас жігіт күндіз Шымкент қаласына сауда жасауға шығып кетіп, қайта оралмапты. Жоғалған азаматты іздеу мақсатында полицейлер барлық ішкі істер құрылымдарына бағдар беріп, іздеуге кіріседі. Дәл сол күні тәртіп сақшылары Шымкент-Шаян тас жолының бойынан жоғалған азаматқа тиесілі автокөлікті табады. Көліктің алдыңғы терезесінде соққы іздері мен ішінде ұялы телефоны қалыпты.

Сол күні-ақ осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 125-ші «Адам ұрлау» бабымен іс қозғап, тергеу шараларын жүргізген. Жедел іздестіру кезінде із-түссіз жоғалған 22 жастағы жігіт Қызылорда қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Ол жауап беру кезінде саудадан түскен ақшаны алып, өзін ұрлады деген жалған хабар берген. Сөйтіп, көрші қалаға кетіпті. Сол жақта ақшаны өзінің қажеттілігіне жұмсамақ болғанын айтқан.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қанша соманы ұрлағанын, не мақсатқа жұмсамақ болғанын анықтауда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз