Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 73 мың бала алғаш рет мектепке барады

Жалпы облыста 79 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның жыл басынан бері жетеуі тапсырылса, 22-сі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал қалған 58-і келер жылға өтпелі. Осының нәтижесінде осы жылы 8 апатты және 12 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі.

«Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Өңірдегі 1034 мектепте жаңа оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтілсе, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады деп жоспарлануда», – деді Ұласбек Сәдібеков.

Оқулықпен қамтамасыз ету жайын баяндаған аймақ басшысының орынбасары тамыздың 20-на дейін барлық мектептер қажетті кітаппен қамтылатынын айтты.

«Жаңартылған білім беру мазмұнына сай және 2, 5, 7 сыныптардың көшуіне байланысты, 3,5 млн-ға жуық кітапты сатып алуға жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 2 млн-ға жуық кітап мектептерге жеткізілген. Яғни 56 пайыз, ал қалған кітаптар тамыздың 20-на дейін толық жеткізілетінін болады», – деді Ұласбек Сәдібеков.

Сондай-ақ облыстағы мектептерді жаңа оқу жылына дайындау мақсатында жергілікті бюджет есебінен 897 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілсе, бүгінгі күнге 847-сінде жөндеу жұмысы аяқталған. Ал 43 мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары 25 тамызда аяқталады деп жоспарлануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз