Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Онлайн оқыту талабына балалар да, мектептер де, ата-аналар да жауап бере алмады— зерттеу

309
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көптеген азамат оқушылардың қашықтықтан оқуға көшуіне риза емес. Проблемалардың бірі — техникалық құралдардың жетіспеуі. Отбасылардың төрттен бірі ғана компьютерді пайдаланады, көпшілігі ұялы телефонмен амалдауда. Олар үйреніп те кетті. Алайда интернеттің нашарлығы көбірек наразылық тудыруда. Бұл туралы «COVID-19 кезеңінде ата-аналардың оқу үдерісіне қатысуын бағалау: әлеуметтік сауалнаманы талдау (Қазақстан кейсі)» жұмысында жазылған.

Жарияланымның авторлары — Бауыржан Боқаев пен Зулфия Төребекова.

Жұмыстың толық нұсқасы ҚСЗИ сайтында жарияланған.

Үміт ақталмады

Қазақстанда білім беру процесіне 6 млн адам қатысады

Олар: ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, білім беру органдарының қызметкерлері.

Әлеуметтанушылар пандемия кезінде оқу процесінде ата-аналарға ерекше рөл атқарғанын атап өтті. Сондықтан да олар сауалнамаға қатысты.

Зерттеуге 30 мыңнан астам респондент тартылды, тағы 65-іне жан-жақты сұхбат жүргізді. Басым көпшілігі (95%) — әйелдер.

Негізгі жас тобы — 26 жастан 45 жасқа дейін (80,12%). Сұралғандардың басым бөлігінің жоғары (43,2%) және кәсіптік-техникалық білімі (34,3%) бар.

Сауалнамаға қатысқан отбасылардың 20%-ында екі бала, 27,1% — үш бала, 25,6% — төрт бала тәрбиелеп отыр. Респонденттердің 10%-ға жуығы толық емес отбасылар (жұбайы/зайыбы жоқ).

Авторлар бірінші кезекте елде цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

— Мектептердің 99%-ы немесе 7 332-сі (ҚР-да барлығы 7 393 мектеп) интернет желісіне қосылған. 2017 жылдан бастап барлық қазақстандық мектеп сандық білім беру ресурстары мен платформаларына қосылған, — деп атап өтті олар.

Бұл жұмыс қашықтықтан оқытуға көшуді жеңілдетеді деп үміттенуге болатын еді. Алайда, сауалнама нәтижелері біз күткеннен басқаша болды.

Компьютерлер мен сапалы интернет жетіспейді

Қазақстандық мектептердің көпшілігінде (зерттеуге қатысушылар бойынша шамамен 97%) қашықтықтан және/немесе онлайн оқытуды пайдаланады. Бірақ көбінесе компьютерлер емес, телефондар арқылы:

  • ұялы телефон — 45,91%,
  • теледидар және ұялы телефон – 31,99%.

— Респонденттердің 21%-ы ғана оқу процесінде ноутбукты/компьютерді негізгі техникалық жабдық ретінде пайдаланған. Қазақстандық отбасылардың көпшілігінде үйде қашықтықтан/онлайн оқытуға қажетті техникалық құралдар жоқ, — деп атап өтті авторлар.

Ал отбасыда

орта есеппен алғанда мектеп жасындағы екі бала бар, яғни кем дегенде екі компьютер керек

Сондай-ақ, ата-аналар техниканың жетіспейтінін айтып шағымданды:

«Отбасының барлық мүшелеріне бір смартфон. Бұлай сабақ оқу мүмкін емес. Не істеу керегін білмейміз» (әйел адам, 45 жаста, Қарағанды облысы);

«Үлкен баламыз НЗМ-да 8 сыныпта оқиды, оған тек ноутбук керек; екінші бала, 4 сыныпта, ол  ұялы телефон мен теледидар пайдаланады» (әйел адам, 40 жаста, Нұр-Сұлтан қ.);

Сұралғандардың жартысынан астамы Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің оқытудың жаңа нысанына көшуге дайындығын теріс бағалады.

Респонденттер ескі проблеманы — оқытушылардың кәсіби деңгейін еске түсірді. Бұл мәселеде сұралғандардың төрттен үш бөлігі риза екенін айтса да,

қалған 30%-ы жалпы оқу контентінің сапасы туралы кері пікір білдірді

Зерттеуге қатысушылардың көпшілігі Интернет сапасына риза емес (34,4%).

  • 13,9%-ы — балаларға көңіл бөлетін уақыттың жетіспеушілігіне шағымданды,
    9,9% — меншікті жеткілікті білімнің жоқтығына,
    8,2% — компьютер/ноутбук жоқ.

 

Неліктен ата-аналардан сұрамаған?

Нәтижесінде респонденттердің жартысынан астамы жаңа оқу түріне көшкеніне көңілі толмайды. Әсіресе орталық және жергілікті биліктің дайындығын сынға алуда.

— Биліктің қашықтықтан оқытуға қатысуға қажетті интернет пен ноутбуктер талап етілетін көп балалы отбасыларға көмек көрсету қабілеті туралы айтылуда, — деп нақтылады социологтар.

Авторлар ата-аналардың пікірін ескеру керек деп санайды. Ең дұрысы — «ағымдағы жағдайды және мақсатты аудиторияның бастамаларды қабылдауы мен ұстану қабілетін диагностикалау үшін мақсатты әлеуметтік зерттеулер жүргізу».

— Ата-аналар ғана балалардың үйде оқуға дайындығын нақты бағалай алады, —деп түйіндеді авторлар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз