Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
12
USD
481
0.00
EUR
534
0.00
RUB
5.36
0.00

“Өнер саласына көмектескім келді” — Мейрамбек Бесбаев әкімдіктегі жұмысы жайлы

293

Саясаткер-әнші НТК телеарнасының Ревью бағдарламасына сұхбат беріп, әкімдіктегі жұмысы жайлы баяндады. Бесбаевтың сөзінше, қазіргі қызметіне көңілі толады.

“90-ға келгенше сахнада өлең айтып тұрамын деп ойламаймын. Төреғали секілді бауырлар бар кезде сахнаны қорықпай беріп кете аласың. Өзім қуаныштымын. Ықпал ететін жерге өз саласының адамы барса, бұл құба-құп нәрсе. Өйткені жақсы түсінеді, жаны ашиды. Билікте әр саланың жанашыры отырса, шынымен де алға жылжуға болады. Жас әншілерді, әсіресе дәстүрлі әншілерді қолдау керек. Қазақы әншілерді жүрегіммен қолдаймын”, – дейді ол.

Ал жаңа қызметінде атқарып үлгерген жұмыстары туралы саясаткер-әнші тарқатып айтқысы келмеді.

“Республикалық сарайдың маңында қаншама проблема бар. Ақырындап шешіп жатқан секілдіміз бәрін. Ойымызды тыңдап жатыр, соған рақмет айтамын. Орынтақ, мансап қуып жүрген адам емеспін мен. Өнер саласына көмектескім келді. Сондықтан ұсынысты қабыл алдым. Өнердің төңірегінде біраз өзгерістер болып жатыр. Әлі де болады. Концерт беріп жатқан жастар мұны жақсы біледі. Бірақ ол туралы айтпай-ақ қояйыншы, “көмектесті, анау-мынау” деген артық сөздің маған керегі жоқ”, – деп қорытындылады Бесбаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз