Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ондайларды намыссыз дейді!..”. Жүрсін Ерман эфирде қатты кетті (видео)

244

„Қазақстан„ телеарнасында „Жүрсіннің жүйріктері„ деген бағдарлама бар ғой. Соның соңғысында Рүстем мен Дидардың айтысынан соң шу шықты. Өйтіп бергенше бермей-ақ қойыңдар дейді. Өйткені ең мәйекті сөздер, көркем жерлер кесіліп қалған. Неге екені түсініксіз. Біреудің шамына тиіп кететін сөз де жоқ онда.

Бекболат Тілеухан мен Ерлан Сағадиевтің атынан „Егер мен болсам…„ деген пародия айтыс қой енді. Онда кісінің өті жарылып кететіндей сөз жоқ. Бірақ қырқып тастаған. Мән-мағынасы бұзылған. Кетті эфирге солай.

Қайта бұрынырақта „Айтыс„ теледидардан берілгенде мәз-мазмұнын сақтайтын, әлдеқайда жақсы болатын.

https://kaz.365info.kz/ynatpajmyn-nazarbaev-zhyrsin-ermanga-ne-dedi-260016

Кім кінәлі: “Нұр Отан” ба, әкімдік пе әлде телевидение ме?

Осылай деген Жүрсін Ерман ағамыз ұлттық өнерді дәріптеуге келгенде кегежесі кері тартатын журналистердің тірлігін қылмысқа теңеді.

– …Телевидененің құлағын ұстап отырған журналисттер кішкене батылдау болуы керек, бойында ұлттық намыс деген болуы керек. Қазақ сөзіне жаны ашуы керек.

Оған „Нұр Отан„ немесе әкімдік тікелей келіп, желкесінде тұрып „кес-кес„ деп дікеңдеп жатқан жоқ қой. Солардың (телемамандардың — авт) пайым-парасат деңгейінің көрінісі ғана бұл. Басқа ештеңе емес…

Мен жалпы журналистер туралы айтып жатқам жоқ. Айтысты эфирге жіберетін редактор журналистерге көңілім толмайды. Көлеңкесінен қорқып, әр сөзден өз-өзінен секемденеді. Ондай журналистерді намыссыз журналистер дейді.  Осы жақсы ма енді?..

Журналистерді осылайша сынаған айтыс абызы осы ұлттық өнерге тағылып жүрген сынға да тоқтала кетті. Сөйтіп айтысты шоуға айналдыру кімге керек болғанын айтты.

https://kaz.365info.kz/ajtysta-nege-a-i-atty-ajtu-a-bolmajdy-240364

Айтыстан шоу жасап жүрген кімдер?

– Қазақтың айтысы жаңа есімдермен жаңғырып жатыр. Мықты жас ақындармен толықты. Айтыс өзгеріске түсті. Кез келген көрерменнің деңгейінен, ойынан шығатын айтыстар шығып жатыр. Түрлі форма туындауда. Жас ерекшелігіне, деңгейіне қарай дегендей. Соны дұрыс түсіну керек.

Қазір айтыстың деңгейі жоғары. 200-ден аса айтыс ақыны бар. Оның басым бөлігі 20 мен 25 жас аралығындағылар. Бәрі жастар. Бәрі оқыған-тоқыған. Ғылыми ізденістегілері де бар арасында. Интеллектуальдар ғой, бір сөзбен айтқанда. Ішінде сауатсыздары да бар шынында.

Бірақ мықтылары туралы айтсам – дүниенің тамырын ұстап отырғандар ғой. Бәрін жақсы біледі. Бұрынғы ақындарға ел ақындары, ескі ақындар деп қарауға болады. Салыстырмалы түрде. Енді ол кезде ақпарат аз, шектеу көп болды ғой…

Өз сұқбатында Жүрсін Ерман Әзілхан Нұршайықов сынды қазақ класиктерін неге қазіргілер білмейтініне, Жазушылар одағының бүгінгі жайына, оған қоса 100 есім жобасына да тоқтала кетті.

– …Әзілхан Нұршайықовты білмесе, соны айтып отырған адамның соры. Қазақ әдебиетінің класигін танымау, масқара. Әрине, үгіт-насихат аз. Жалпы, қазақ қоғамында ұлт көсемдерінің — саясаты, әдебиеті, экономикасы болсын, насихат мәселесі жылда алдымызда көлбеңдеп шыға береді.

Кеше ана Астанада Қайым Мұқамедхановқа — Ол кім еді деп көзқарастың тууының өзі ұят нәрсе. Үлкен ғалым, әнұранның авторы, кеше ғана мемлекеттік сыйлық алған адамды бүгін ұмытып қалып жатсақ, нендей қадіріміз бар бұл өмірде. Ал неге олай болып жатыр?..

https://kaz.365info.kz/erkek-sikhymyz-khaldy-ma-ajtysker-akhyn-ajelderdi-khalaj-ornyna-khoyu-kerektigin-ajtty-301237

Желікккен эстрада төңірегіндегілердің бәрін жақсы біледі ел, ал қазақ руханиятының көшін бастаған, үлгі ұстар адамдарды танымаймыз. Өйткені насихат жүйесі дұрыс құрылмаған бізде. Мектеп қабырғасынан, яғни мектеп оқулықтарынан бастап.

Жазушылар одағы өлгендерді шығарып салумен айналысып келді

Қазір 100 есім деген бағдарлама пайда болды ғой. Соны ойыншық секілді көріп, кім болса соны кіргіздік. Онымен кім айналысқанын Алланың өзі біледі. Бірақ принципсіздік, азшыл топ өкілдерін топырлатып кіргізу, әр саланың көңілін табу үшін солардың өкілін кіргізу секілді бей-берекетсіздік орын алды.

Қазір ешкім де білмейді сол 100 есімнің кім екенін. Қарапайым жұрт түгілі қоғамның белсенді мүшесі деген мына біздер оларды танымаймыз. Көрдіңіз бе?..

Рухани жаңғыру кезінде басталған жаңа бастаманың бірі осы ғой. Жаңа 100 есім.  Бүгінгі түгілі кешегі Алаштың ұлы көсемі Әлихан Бөкейхановтың өзіне біздің құрметіміз жетпей жатыр қазір. Аудан түгілі қаланың көше атауларын берсе де лайықты тұлғалар. Жайнақбаевты неге сұрамайсыз? Мектеп оқушылары білмейді оны. Ал кеше қазақ көшін сүйрегендердің бірі сол кісі болатын.  Осының бәрі, әу баста, дұрыс бағыт бермеумен байланысты.

https://kaz.365info.kz/aty-dilbara-tyrlyhanovtyn-balasy-tikelej-efirde-agynan-zharyldy-video-314041

Жүрсін Ерманның пікірінше, Жазушылар одағының басшылары топ-менеджер болуы керек.

– Түрікпеннің төрінен, арыстанның аузынан тауып әкеліп, жазушылардың, ақындардың несібесін айырып берсе, жақсы.

Бұл Одақ жұмысын кеше ғана бастады. Оған дейін ол бар-жоқтың арасында болды. Мерейтой тойлап, өлгендерді шығарып салумен ғана айналысып жүрді, шынын айтқанда.

Ақберен келді, жастар жұмысты қолға алды. Соларға сеніп отырмыз енді. Одақты тірілтеді деп. Ол өзіміздің үйіміз, қара шаңырағымыз киелі…

https://kaz.365info.kz/akem-kokem-ajtystan-shettetilgen-zajytov-akim-kharalarga-zhagyna-bastady-video-312115

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз