Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Оңай екен!”. Қаржыгер-маман “Нұрлы жер” бағдарламасымен баспана алудың жолын көрсетті

144

Соған ұқсас мынандай да сауал жиі қойылады: Қандай банкке жүгінген дұрыс, қандай несиелендіру шарттары тиімді? Сондықтан осы ретте арнайы жазба жариялайын деп шештім„ деп жазады Қазақстан ипотекалық компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Руслан Кәкім Facebook-тегі жеке парақшасында.

Қолжетімді ипотекалық несие: 10 пайызын өзіңіз төлейсіз, 5 пайызын Үкімет төлейді

Руслан Кәкім, сурет Facebook-тегі парақшасынан алынды

Жазбадан ұққанымыз,

„Нұрлы жер„ бағдарламасы бойынша ипотекаға қолжетімді баспана тіркеткісі келетіндер, ең алдымен, Қазақстан ипотекалық компаниясының немесе осы бағдарлама шеңберінде қызмет көрсетіп жатқан банктердің қызметіне жүгінуі керек.

„…Бүгінгі таңда ең тиімді қолайлы бағада ипотекалық өнім ұсынушының бірегейі – Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК). Бұл компания Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірге қызмет жасайды.

https://kaz.365info.kz/nyrly-zher-bagdarlamasy-bojynsha-zher-telimin-alu-yshin-ne-isteu-kerektigi-belgili-boldy-263149

Сондықтан ҚИК ұсынатын шарттарға кеңірек тоқтала кетейін. „Нұрлы жер„ бағдарламасына қатысатын Қазақстан ипотекалық компаниясы 8 мыңнан аса борышкерге қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Дегенмен Қазақстан ипотекалық компаниясының субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушы мынандай талаптарға сай болуы шарт немесе оған келісетіндей болуы керек:

– ипотекалық несиелеу мерзімі 180 ай, яғни 15 жыл.
– борышкердің шотында баспана құнының 30 пайызы болуы керек.
– алатыны – бірінші нарықтағы пәтер, яғни жаңадан салынған үйден баспана ұсынылады.
– субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй заемының ең жоғарғы шекті көлемі Алматы мен Астана қалалары үшін 20 млн теңге, ал басқа қалалар үшін 15 млн теңге.
– субсидиялаудың ең шекті мерзімі – 120 ай, яғни 10 жыл.
– борыштың сыйақы мөлшерлемесі – жылына 10 процент„ делінген жазбада.

Демек, 15 жылға ипотекалық несие алып, оны 10 пайызбен 10 жылда қайтаруға, алатын баспана құнының 30 пайызын бірден төлеуге қабілетті, онда да салынып қойған емес, енді салынып жатқан үйден ұсынылатын пәтерді қанағат етуге бар адамдар болса, бұл мүмкіндікті жібермеген дұрыс-ау.

Түрлі комиссия деген жоқ, несие доллар бағамына байланбайды

Бұдан бөлек маман басқа ипотекалық заемдардан „Нұрлы жер„ бағдарламасы бойынша субсидияланатын бұл несиенің ерекшеліктерінде де баса тоқталыпты.

https://kaz.365info.kz/olar-bylaj-zhasajdy-ylttykh-banktin-eks-khyzmetkeri-bankterdin-bylygyn-ashty-267188

1) Бұл арада банкті өзіңіз таңдайсыз. Кез келген әріптес-банкке барып, қызметіне жүгіне аласыз. Арнайы бағдарлама субсидиясына қатысу барлық банкке ұсынылған, әзірге 7 банк өз келісімін беріпті.

Ал Банк ЦентрКредит пен АТФБанк осы бағытта қазір құжаттарды қабылдауды бастап кеткен.

2) Алған қарызыңыз шетелдік валюта, яғни мәселен доллардың курсына байланбайды. Қарызды теңге түрінде тіркетесіз, оған доллар бағамындағы, инфляция көрсеткішіндегі немесе базалық сыйақы мөлшерлемесінің және қайта қаржыландыру ставкасындағы өзгерістер әсер етпейтін болады. Демек, алған қарыз ақшасының айырмасы доллардың курсына бағаланғандар секілді девальвация кезінде еш ұтылмайсыз.

3) Сол секілді әріптес банктен Сіз жылдық сыйақы мөлшерлемесі 15,5 процентті құрайтын заем аласыз, 15,5 проценттің 10 процентін өзіңіз төлейсіз, ал 5,5 проценті Үкімет атынан Қазақстан ипотекалық компаниясы 10 жыл бойына төлеп отырады. Бұл арада мынаны баса айта кетейін, субсидиялауға базалық сыйақы мөлшерлемесі 5 процентпен ( 2017 жылдың 6 маусымына дейін ол 10,5 пайызды құраған) бөлінген заемдар жатады. Осылайша субсидиялауды қосып алғанда жалпы қарыз ақшаның өсімақысы қарапайым несиелермен салыстырғанда әлдеқайда аз болып келеді.

4) Комиссиялар. Субсидиялау бағдарламасы шеңберінде банктер қосымша алғысы келіп тұратын комиссия түрлері алынып тасталған. Мысалы, ссудалық шот ашқанға комиссия, арызды қарағаны үшін алынатын комиссия, заемды бергені үшін комиссия, заемды есептеп, ұйымдастырып бергені үшін комиссия және тағысы тағылар бойынша ешқандай процент алынбайды. Ал алынуы тиіс комиссиялар тізімі заң жүзінде бекітіліп берілген.

Тағы бір айта кететін нәрсе бар. Бұл бағдарлама бойынша кім заем ала алады? Егер бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламаларға тек әлеуметтік әлжуаз топтағы адамдар қатыса алса, енді субсидиялау бағдарламасы бойынша барлық азамат теңдей өз мүмкіндігін сынап көруге қабілетті, яғни жекеменшік компания жұмысшыларынан бастап, мемлекеттік қызметкерлерге дейін.

Сондықтан „Нұрлы жол„ бағдарламасы бойынша жеңілдікпен баспаналы болғыңыз келсе, онда ең бірінші кезекте Қазақстан ипотекалық компаниясына немесе осы бағдарламаның әріптес банктерінің қызметіне жүгінгеніңіз дұрыс„ деп жазады Руслан Кәкім.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз