Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Он жыл…”. Бишімбаевтың әйелі сот үкіміне шағым түсіретінін айтты

Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаевқа жала жабылып отыр.

“Жақсыбаев менің күйеуіммен кездескен жалғыз адам. Қалғандары кездескен де, сөйлескен де жоқ. Үкімге тек Жақсыбаевтың (сотталғандардың бірі) айтқандары ғана негіз болып отыр. Біз өзіміздің контр-айғақтарымызды, куәгерлерімізді әкелдік. Менің жұбайымның кінәсіз екенін толығымен дәлелдедік деп ойлаймын. Ал Жақсыбаевтың өзіне – 2,6. Әрине, менің күйеуіме жала жауып отыр”, — деді Назым Бишімбаева.

 

https://kaz.365info.kz/khuandykh-bishimbaevkha-khatysty-sot-ykimi-shykhty-306571

 

Журналистер одан адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа шағымданып-шағымданбайтынын сұрады.

“Біз қазір үкіммен танысып, адвокаттармен ақылдасамыз. Бұл ықтималдылықты жоққа шығармаймын”, — деді әйелі.

“Күйеуіме он жыл береді деп ойламадым. Ақталып шығатынына сендім”, — дейді Назым.

 

https://kaz.365info.kz/nyrsyltan-aga-bishimbaev-sotta-bar-bilgenin-ajtty-305109

 

Айта кетсек, бүгін Астанада сот үкімімен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен осы істің басқа да фигуранттарына үкім шықты. Сот үкімімен Бишімбаев айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленуімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте жетекшілік ету құқығынан өмір бойына айырылды. Бишімбаев жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Ал Бишімбаевтың немере бауыры Сұлтан Нұрлыбек 7 жылға сотталды.

Қуандық Бишімбаевтың кәмелетке толмаған төрт баласы бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз