Алматылық жүк тиеуші өз құрбандарын қалай өлтіргенін айтып берді. 34 жастағы Замандин Палтуев апалы-сіңлілі әйелдерді «аяқ астынан» өлтіргенін айтты. Бұл туралы Палтуевтың қорғаушысы мәлімдеді.
Қылмыс асқан қатігездікпен жасалғандықтан, сот процесі жабық режимде өтті, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.
https://kaz.365info.kz/almatyda-apaly-sinlili-ajelderdi-oltirgen-zhauyz-majitterdi-khorlagan-292970
34 жастағы алматылық ер адам бұған дейін сотты болмаған. Тіпті әкімшілік жауапкершілікке тартылмапты. Ол жүк тиеуші болып жұмыс істеген. Таныстары оны сабырлы, жуас адам ретінде білген.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында жан түршігерлік адам өлімі орын алды. Ер адам апалы-сіңлілілерді өлтіріп, бірінің әурет жерін, екіншісінің омырауын кесіп алған. Қорғаушының сөзінше, Палтуев құрбандарының бірімен қылмыстық оқиға орын алардан бір апта бұрын танысқан. Сол түні әйелдердің өздері ер адамды үйіне кіргізіпті.
https://kaz.365info.kz/sheshinemin-majithanada-istejtin-kari-khyzdyn-khypiyasy-ashkere-boldy-287979
Алайда араларында ұрыс туып, сотталушы үстел басында бірге отырған ер адамды ұрып жіберген.
Мұнан кейін апалы-сіңлілілерге тап беріп, өлтіріп тастаған. Құрбандарының бірі 17 жерінен, екіншісі 43 жерінен пышақ жарақатын алған. Бұл уақытта олармен бірге болған қонақ қашып үлгеріпті. Мұнан кейін үйден шыққан Палтуев жолда кетіп бара жатқан әйелді тонамақ болып, оны да пышақтап тастаған.