Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Өмірім ойран болды”. Бақытбектің тұңғышы жан сырын ақтарды

111

https://kaz.365info.kz/zhykti-bop-khalypty-ajsaule-bakhytbektin-amerikaga-nege-ketkeni-belgili-boldy-282850

Адам бойындағы мен бағалайтын негізгі қасиеттер – қарапайымдылық пен әзілді түсіне білуі. Менің ойымша, сөзге тапқыр адам ақылсыз, ал қарапайым адам арам бола алмайды. Адамға бір қарағаннан-ақ, ойында арамдықтың жоқ екенін түсінсең, сол жақсы емес пе?” – деп бастады сөзін Айсәуле.

Сонымен қатар, өзін өзімшіл деп сынайтындарға да жауап қатты.

“Мені өмірде көрген кей жандар өзімшіл екенімді айтады. Жасырмаймын, сырт көзге солай көрінетін шығар. Бірақ мен бар болғаны табиғатымнан суық мінезді адаммын. Тіпті, жақын адамдарыммен құшақтасып, шүйіркелескенді ұнатпаймын, ал жаңа адамдармен, тіптен, таныспаймын деуге болатын шығар.

Бірақ ешқашан оңбаған адамның тірлігін жасамағанмын. Жаныма келіп сөйлеген адам, жап-жақсы қыз екенімді байқар еді. Өзім солай ойлаймын”, – деп атап өтті Айсәуле.

https://kaz.365info.kz/zhartylaj-zhalanash-zhyr-ajsaule-bakhytbek-yyat-degennin-ne-ekenin-korsetti-foto-279742

20 жылдан аса уақыт отбасылық өмір мен қызметті қатар алып жүрген Баян Мақсатқызының әрекеті қызына да үлгі болғанға ұқсайды. Себебі Айсәуле отбасы мен жұмыстың арасында таңдау жасай алмайтынын айтты.

“Мансап әлде отбасы? Екеуі де. Меніңше, сүйікті адам ештеңеге тыйым салмауы керек. Қарым-қатынас – ол жұптасып билейтін би сияқты. Түптеп келгенде, дегеніме жету үшін сүйіктіммен жұмыла жұмыс істеуге дайынмын. Қызды алтын торға әрбір екінші ер қамап қоя алады. Алайда әйел адамды асқақтатып, оған дем беру тек нағыз ердің ісі”, – дейді Айсәуле.

Мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз