Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Өмір деген бумеранг екен ғой”. Ерке Есмаханның “астарлы ақиқаты” кімге арналды?

783

https://kaz.365info.kz/erke-esmahannyn-maskharasy-shykhty-video-276330

Əке-шешем мен бауырларым күні-түні тілеуімді тілеп, кез келген уақытта жанымнан табылды. Аман болыңдаршы! Бəрін білуші, бəрін беруші Аллаға сансыз шүкір! Бəрі алда екеніне сенем!

Жолыма тосқауыл болғысы келген, жөнсіз қатты сөз айтқан, уəдесін орындамай “лақтырған”, ел алдында мен туралы теріс ой айтқан адамдар да болды.

Сол сəттерде тауым шағылғандай, көңілім құлазыды. Бірақ өмірде бумеранг қағидасы барына көп ұзамай көз жеткіздім!” – деп бастаған екен сөзін Ерке Есмахан.

Және жыл бойы өзін қолдап-қолпаштап жүрген желідегі оқырманына алғысын жаудырыпты. 

“Жеке өмірде болса мұңайған да, махаббаттан бас айналған шақтар өтті…. Мен бəріне тек жақсылық тілеймін! Құрметті достар! Өкініш-реніштің бəрі есіркесін! Жаңа жыл жарылқасын! Бəріңізге денсаулық тілеймін! Айнала əдемілікке толы болсын! Молшылық болсын! Сəби сүйе алмай жүргендер сəби сүйсін! Үй ала алмай жүргендер үйлі болсын! Ауырып жүргендер құлан таза айығып кетсінші! Жалғыз жүргендер жүрек иесін тапсыншы”, – депті әнші.

Алайда аңғарымпаз оқырман Еркенің жазбасынан астар іздеген екен. Желідегі жұрт Еркенің бұл жазбасы күні кеше елдің сынына ұшыраған Төреғалиға арналды деп болжаған екен. Мұнысы тегін емес. Бұдан бұрын Ерке Төреғали мен оның әкесіне әлі де өкпелі екенін тұспалдап жеткізген тұғын. 

https://kaz.365info.kz/erke-esmahan-men-balamdy-ojla-andy-tan-da-k-p-n-rseni-zhasyryp-aldym-236903

Білетін боларсыздар бір жолғы ән кешінде Төреғалидың әкесі: “Еркені қазаққа танытқан менің ұлым. Оған дейін оны ешкім көрген де, білген де жоқ” деп айды аспанға бір-ақ шығарған. 

 

https://kaz.365info.kz/erke-esmahan-bejtanys-erkekpen-darakhy-bi-bilep-synga-khaldy-video-273947

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз