Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
3
USD
427
+0.13
EUR
497
+0.15
RUB
5.5
-0.03

Омар Жәлел: “Отар болдық! Енді отарсыздануымыз керек!”

185

Әкемізді өлтірген, Алаш анамызды зорлаған Қызыл жүйемен дос болу, ашына болу қай қисынға сыяды?

Неден сорлы болдық? Неге бағымыз жанбайды? Неге Ата тіліміз туған жерінде салтанат құрмайды? Неге? Неге? Неге? Неге әлі күнге дейін: “Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде -ұйқың”.

Жауабы біреу-ақ – Отаршылдық. Отар болдық. Мойындамаймыз. Қазақтың ұлы денесіне түскен қанды жараны көрсек те көрмегендей боламыз. Жасырдық. Енді өліп барамыз.

Дымымыз шықпай өліп барамыз. Біз де сын да жоқ, ұят та жоқ. Өйткені “Құс ілген қуда сын жоқ ұятпен”. Қайран Махамбет!

Империяның қос басты Құсы ілген Қазақ қуда сын да жоқ, ұят та жоқ. Күшігінде таланбаған, құстың тырнағы батпаған, “жалғыз жүріп оттамайтын, Аққу құстың төресіндей”, сәні де салтанаты бойында, бойындағы қасиеті мен киесін төгіп алмаған текті ұрпақ керек біздерге!

Ол үшін ауыр да болса мойындап, қанды жарамыздың бетіне тұз сеуіп, құрым кигізді отқа күйдіріп басып, Отарсыздануымыз керек!

Қорқа- қорқа болдық. Шегімізге жеттік. Өзекті Ерге бір өлім.

Алаш анамызды сатып, арсыздықпен ұятсыздықтан, қорқақтық пен ездіктен күнде өлгенше, бір-ақ рет өлейік! Бізге бір Алла жар болсын!

Омар Жәлелұлының facebook парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз