Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Олжас Сүлейменовтың латындық рапсодиясы

155
Дереккөзі — liter.kz

Қазақстандық басылымдардың біріне берген сұхбатында ол мына мәселені атап өтті:

«КСРО ыдырағаннан кейін түркітанушылар түркі тілдерінің барлығына арналған  латын графикасы негізіндегі бірыңғай ортақ әліпбиді ойлап тапты. 1991 жылы Қазақстан КСРО-дан шыққанға дейін оған көптеген түркі елінің тіл білімі институтының директорлары мен ғалымдары қол қойды. Бірақ қазақ тілінің емле жасаушылары оны елемей, жеке және авторлық нұсқасын ұсынуға тырысты. Сондағы парадокс, қазақстандық ғалымдар ортақ әліпбиді елемеуде!».

Ол сондай-ақ:

«Біле білсеңіз, түркі халықтары бүкіл ХХ ғасыр бойы кириллица алфавитінің көмегімен орыс және әлемдік әдебиет пен ғылымды таныды. ХХІ ғасырда біз одан бас тарта алмаймыз, өйткені процесс үзіледі. Кириллица қазақ билингвизмінің құралы болды. Латын әліпбиін латын тілін қолданатын шет тілдерімен бірге меңгеру керек, әйтпесе бәрі құр әурешілік болады, егжей-тегжейін түсіндіргім келмейді. Бізге үйреншікті кирилл алфавитінен бас тартуға болмайды…»

Бір тіл — екі алфавит бола ма?

Бір сұхбаттағы осындай айқын қарама-қайшылықты қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі төңірегінде қалыптасқан жағдайдың күрделілігімен түсіндіруге болады. Бірақ

Сүлейменов ауысуға қарсы емес, ол сондай-ақ түркітанушы ғалымдар 1990-жылдардың басында бекіткен жалпы түркі алфавитіне көшуге шақырады,

Алайда әлі де кириллица алфавитін қалдыру керек деген пікірде. Яғни, оның пікірінше, ештеңені өзгертудің қажеті жоқ.

Сүлейменовтің көзқарасы қазақ тілінде латын және кирилл әріптерін қатар қолдануға келіп тірелетін шығар. Мұндай жүйе әлемнің бір ғана елінде – Сербияда бар. Бірақ оның өміршең болмайтыны түсінікті. Дегенмен, сіз екі орындыққа отыра алмайсыз. Сүлейменовтің барлық түркі халқына ортақ әліпби туралы  пікірі қызығушылық тудырады.

Мұндай идеяның қолдаушылары қашан да көп болды. Мәселен, Ресей империясы кезінде атақты Қырым татар зиялысы Исмаил Гаспринский  түркі тілдерін ортақ бір жазудың көмегімен біріктіруді ұсынды. Ол бұл тақырыпты әсіресе өзінің «Терджиман» атты газетінің беттерінде жиі көтерді. 1917 жылғы орыс революциясы кезінде көптеген мұсылман саясаткері Еділ татарларының тілі негізінде мұсылмандық саяси бірегейлікті құруды ұсынды. Бұған сол кезде мұсылман кеңесіндегі қазақ өкілдері, әсіресе Жаһанша Досмұхамедов қарсы болды. Оның ұстанымы сол кезде қазақ зиялыларының басым бөлігінің ортақ көзқарасын айқындады.

Біраз уақыттан кейін, 1920 жылы Қазақ зиялылары Тұрар Рысқұловтың Түркістан республикасында насихаттаған ортақ түркі ұқсастығына қарсы шықты. Осындай ұқсастыққа қол жеткізу үшін Орта Азияның отырықшы тұрғындары шағатай тілінде сөйлеуі керек еді. Бүгінде бұл өзбек тілі.

Сол кезде ұлттық бірегейлікке қатысты қайшылық болды, оны негізінен қазақтар мен башқұрттар қолдады. Олардың бірі мұсылмандықты, басқалары жалпы түркі бірлігі негізіндегі ортақ бірегейлікті алға тартты.

Яналифтен «жаңа латын» әліпбиіне көшеміз бе?

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін коммунистік партия басшылығының кеңестік халықтардың көпшілігінің жазуын латын әліпбиіне көшіру жөніндегі саясаты аясында КСРО-ның түркітілдес халықтары үшін бірыңғай графика яналиф пайда болды. Бірақ бұл жоба ұзаққа созылмады. 1940 жылдары кеңес тілдері жаппай кириллицаға жаппай көше бастады..

Кеңес мемлекеті ыдырағаннан кейін түркі тілдеріне арналған бірыңғай жазу идеясы қайта көтерілді. 1991 жылдың күзінде Ыстамбұлда «қазіргі түркі әліпбиі» атты Халықаралық симпозиум өтті, онда түрлі түркі тілдес мемлекеттердің лингвист-ғалымдары графика реформасы мәселесін талқылады. Конференция соңында

қатысушылар алты тармақтан тұратын қорытынды баяндаманы, оның ішінде жалпы латын әліпбиіне көшу бойынша ұсынымдарды қабылдады

Әзірленген әріптер жүйесі 34 таңбадан тұрды. Әрбір ел жеке латын әліпбиін енгізу процесінде ұсынылған жобадағы  символдарды ғана пайдаланады деп болжанды. Көп ұзамай Әзірбайжан, Өзбекстан және Түркіменстанда латын қарпіне көшу жұмысы басталды. Бірақ, ең бастысы, барлық үш жағдайда да алфавиттің соңғы нұсқалары жоғарыда аталған принциптен алшақтады, өйткені әр тілге тән өзіндік символдер енгізілді. Тіпті түрік тіліне ең жақын әзірбайжан тілінде қазіргі уақытта Әә белгісі қолданылады. Жаңартылған өзбек латын тілінде апостроф бар.

Біріншіден

әрбір түркі тілінің өзіндік ерекше дыбыстары бар, оларды әзірленген бірыңғай түркі әліпбиі аясында жеткізу мүмкін емес

Екінші жағынан, мұнда саяси факторды да ескеру қажет.

Теория және практика

Түркі халықтарының арасында бірыңғай әліпбиге деген ұмтылыс ең алдымен Түркия өкілдеріне тән екенін атап өткен жөн. Өйткені мәселе түрікше латын әліпбиі мен оған тән белгілер сөз болып отыр. Сыншылардың пікірінше бұнда Түркия өкілдерінің пантюркизмге деген ұмтылысы көрінеді.

Бірақ қандай жағдай болмасын, Олжас Сүлейменовтің барлық түркі халықтарына ортақ әліпби туралы айтқан сөзі қазақ сәйкестігінің мүддесіне сай келмейтіні анық. Сонымен қатар, бұл өте күрделі мәселе. Мысалы, түрік тілі сияқты әзірбайжан және түрікмен тілдері түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Бірақ өзбек тілі қарлұқ тобына жатады. Көптеген адам өзбек тілінідегі латын әліпбиіне қатысты қиындақтарды осыған байланыстырады.

қазақ тілі қыпшақ тобына жатады және бұл саяси факторға қарағанда маңызды фактор

Қорытындылайтын болсақ, лингвистер әдетте жалпы нұсқаны қалайды, ал саясаткерлерге ұлттық айырмашылықтар маңызды. Сондықтан 2020 жылдың басында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі бейінді институтының өкілдері 1991 жылы түркітанушы ғалымдар құрастырған әліпбиді талқылауды ұсынды.

Бірақ саясаткерлер ұлттық бірегейлік туралы ойлануы керек. Халықтың басым көпшілігі де осыны жақтайды. Сондықтан Олжас Сүлейменовтің жағдайында теория мен практика бір-біріне қарама-қайшы келіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз