Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Олжас Сүлейменовтің немересі көз жұмған көлік апатына қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Олжас Сүлейменовтің немересі көз жұмған көлік апатына қатысты сот отырысы кейінге шегерілді. Еске сала кетсек, осы жылдың маусымында Астанадағы жан түршігерлік жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болған еді.

Апат 22 маусым күні Астанадағы «Мәңгілік ел» даңғылы мен «Керей мен Жәнібек хандар» көшесінің қиылысында болған. Мотоцикл тізгіндеген Ескендірді белгісіз көлік қаққан және ол оқиға орнынан қашып кеткен.

Олжас Сүлейменовтің немересі көз жұмған көлік апатына қатысты сот отырысы кейінге шегерілді Арада көп өтпей Астана қалалық ішкі істер департаменті апатқа себепкер болуы мүмкін «Hyundai» автокөлігінің иесі, 29 жастағы астаналық әйелге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ Астана қаласының Ішкі істер департаменті Олжас Сүлейменовтің немересі – Ескендір Сүлейменовті көлігімен қағып өлтірген жүргізуші Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті бастығының қызы екенін растаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз