Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Олжас Сүлейменовке Триумф сыйлығы табыс етілді

Халықаралық Николай Гоголь атындағы марапат 1998 жылдан бері Украина және әлемдік деңгейдегі жазушы, ақын, аудармашыларына ұсынылады. Жыл сайынғы премияның лауреаттарын анықтау үшін құрамына атақты қаламгерлер енетін комитет тағайындайды. Биыл бұл награда Украинадағы қазақ қоғамының ұсынысы бойынша Олжас Сүлейменовке табысталды.

1975 жылы жарық көрген «Аз и Я» еңбегінің авторы Олжас Омарұлы – қоғамға «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысты басқарған белсенділігімен де танылған қайраткер.

Украинаның ақын-жазушылары қазақтың талантты ұланына құрмет көрсетіп ақынның еңбегі Украина елі және оның әдебиетіне де аса қымбат деп баға берді.

Өз кезегінде Олжас Сүлейменов Украина халқына ыстық лебізі мен шексіз алғысын жеткізді.

Олжас Сүлейменов, ақын, қоғам қайраткері:

– Украинадағы бұл кездесудің мен үшін маңызы зор. Шындығында менің Украина еліне деген қарым-қатынасым ерекше жылы. Украина мен қазақ халқының өзара достығын тарих та талай көрсеткен, біз мұны ұмытпаймыз.

Сергей Дзюба, Украинадағы халықаралық әдебиет және өнер академиясының президенті:

– Қазақтың маңдайалды жазушылары кім дегенде, есіме Абай, Мұхтар Әуезов және Олжас Сүлейменовтің есімдері еске түседі. Қазақтың Олжас Сүлейменов сияқты азаматына, атақты ақыны мен еңбек еріне мұндай сыйлықты табыстау – Украина елі мен біздің академия үшін зор құрмет деп білемін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз