Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
18
USD
440
-0.03
EUR
474
+0.23
RUB
4.76
-0.06

Олжас Сүлейменов жазушылар мәселесін көтеріп, ұсыныс айтты

Кеңес одағы кезіндегі кітап тарату жүйесі жазушыларды барлығымен қамтамасыз етіп отырды, оларды тұрғын үймен, емделумен және басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз ете алатын қорды қарастырды. Бізде осының бірі де жоқ. Мен 25 жыл ішінде қаламақы түрінде бірде бір теңге алғаным жоқ, жаңа ғана қолына қалам алған «олжастардың» күні не болмақ?..

Қазір жазушылардың кәсібі керексіз болып барады. Бұрын біз мақтанатынбыз. Кәсіби жазатындар қалмады, тек кәсіпқой жазушылар бар. Қазақстандық жас қаламгерлер әдебиеті елеулі соққы көрді» деп қадай айтты Олжас Сүлейменов.

Ол мысал ретінде кітаптың жарыққа шығуына орай барған кездегі Италияда алған әсерімен бөлісті.

«1998 жылы Италияда Чампи заңы қабылданды. Парламент депутаттары барлық жеке банктерді әр жылдық табыстарының бір бөлігін министрліктен бөлек жұмыс жасайтын тәуелсіз мәдениет қорына аударуға міндеттеді. Мәдениет бюджеттік емес нарықтық қаражатқа ие болады. Сондықтан да олар көп нәрсеге қол жеткізді. Осы мәдениет қоры 80 бөлімшеден тұрады. Мен осы мәселені министрлер кабинетіне жаздым және енгіздім. Біздің Үкімет осы Чампи заңын зерттеуі тиіс деп ойлаймын» – деп сөзін тәмамдады Олжас Сүлейменов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз