Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Олжас емес…». Семей полигонын жабу бастамаcын көтерген кім екенін білесіз бе? (видео)

265

Міне, сол «бәлені бастаушы», яғни, Семей полигонын жабу туралы алғаш үн көтерген асыл да абзал азамат

КПСС-тің сол кездегі Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев болатын!

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-kimge-ornyn-beredi-olzhas-sylejmenov-myragerdin-atyn-ajtyp-khojdy-248640

Ол өзі көтерген осынау мәселе бір-ақ күнде өзінің басын жұтуға молынан жететінін сол кезде сіз бен бізден әлдеқайда жақсы білді.

Біз қазір Семей полигонының жабылуы қалай басталды дегенде әңгіме тиегін 1989 жылғы ақпанның 28-ші жұлдызында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылғанынан, оны ақын Олжас Сүлейменов басқарғанынан бастаймыз.

Әрине, бұл жерде Олжекеңнің қалың елдің алдына шығып сөз сөйлегенін,  іс-шаралар өткізгенін өлеңдер оқығанын жоққа шығарғалы отырған жоқпыз.

Алайда, бұл ұлы істің бастамасы туралы әнебір жылы «Казахстанская правда» газетінде (9-шілде, 2010 ж) журналист В. Пигаваев жариялаған «Под грифом, «Совершенно секретно» деген мақала көкейдегі көп нәрсенің бетін ашып, Кешірім Бозтаев сынды асыл азаматты тағы бір еске алмасыңа лаж қалдырмайды екен.

Ол мақала:

«Міне, бір кездері Семей облыстық партия комитетінің, бірінші хатшысы болған Кешірім Бозтайұлы Бозтаев қол қойған Семей сынақ алаңында атом қаруларын жарып сынауға қарсы жазылған мына хаттың Мәскеуге жөнелтілгеніне де жиырма жылдан астам уақыт өтіпті», – деп басталады да ол заманда Мәскеуге мұндай қарсылық пікірі бар хат жазудың өзі орасан зор ерлік екені айтылады.

https://kaz.365info.kz/ksro-lady-biz-lsirep-aldy-s-lejmenov-solaj-ojlajdy-238725

Мәскеуге хат

Енді осынау шифрлы (құпия) хаттың мәтініне назар салыңыз:

         Өте құпия.№1-ші данасы.

          Мәскеу. Кремль.

          КПСС Орталық Комитетінің Бас Хатшысы М.С.Горбачевке.

«Қазақстан Компартиясы Семей облыстық комитеті СОКП ОК-не мына жағдайды хабарлайды: 340 мың тұрғыны бар Семипалатинск қаласына таяу жатқан сынақ алаңында 1949 жылдан бері ядролық қару сынақтары жүргізілуде. Бұл сынақтар әуелі – ауада, сосын, 1963 жылдан бастап жер астында жүргізілуде.

Қазір арада 40 жыл өткенде бұл полигонның айналасындағы жағдай мүлде өзгерді.

Яғни, полигон қалың ел орналасқан аймақтың қақ ортасында қалды. Ал бұл жағдай сынақтар жасау барысында еш ескерілмеуде.

Бұл маңда жылына 14-18 ядролық жарылыстар жасалады, олар осы жердегі ғимараттар мен инженерлік желілерді істен шығарып, жүздеген, мыңдаған адамдар, басқа да жан-жануарлар  ауырып, су ішетін құдықтар бұзылуда. Сонымен қатар, полигон аймағындағы топырақ қабаты қатты өзгеріске ұшырауда,

әрбір үшінші жарылыс сайын жер бетіне радий белсенділігі жоғары газ тарайды, оны тоқтату  іс жүзінде мүлде мүмкін емес.

Ядролық сынақтар туралы жұртшылық арасында әртүрлі пікірлер таратылып, тұрғындар арасында моральдық-психологиялық күйзеліс байқалуда және олардың осының бәрін сынақ тудырған кесел, дерттермен байланысты деуі де негізсіз емес.

Осындай ауыртпалық жағдайға алаңдап отырған облыстық партия комитеті

СОКП ОК бұл жарылыстарды тоқтатуды немесе оның қуатын кемітіп, жарылыс аралықтарын сирексітуді,  одан әрі жарылыстарды басқа бір қолайлы жақтарда өткізуді тиісті министрліктер мен мекемелерге тапсыруын өтінеді.

Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы К. Бозтаев. 20 ақпан, 1989 жыл».

https://kaz.365info.kz/olar-sodan-seskenedi-orystildi-auditoriyanyn-neden-yrejlenetinin-bilesiz-be-265990

Бұл жерде осы хаттың тарихын газетке жариялаған журналист В. Пигаваевқа алғысымызды айтуымыз керек.

Журналист не дейді?

Семей полигонын жабу туралы алғаш үн көтергендер туралы өзіне белгілі жәйттерді журналист былайша баяндайды:

Мен қызмет бабымен, обкомның үгіт-насихат бөлімінде 1978 жылдан бастап сол полигонның саяси бөлімімен тығыз байланыста болдым. Ол жылдары

біз бұл жерде еліміздің ядролық болат қалқаны құйылуда деген сөзді мақтана айтқанымызды жасыра алмаймыз. Және мұнда атом қарулары сыналуда деген сияқты түрлі әңгімелер мен жорамалдардың алдын кесіп, тоқтау салып отыруға тырысқанымызды да мойындауымыз керек.

Ал «жұртты адастырушыларды» «демагогтар» деп атайтынбыз. Бүгінде соның бәрін еске алуға да ұяламыз. Амал нешік.

Бірақ «қап түбінде біз  жатпайды». Полигонға жақын ауылдар мен аудандарда, тіпті, Семейдің өзінде де адамдар арасында бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген ауру, дерт, кесел түрлері көбейді. Ана, бала өлімі жиілеп кетті. Өлім-жітім көбейді.

Сөйтіп, арада қаншама жылдар өтсе де ядролық сынаққа қарсы алғаш бас көтеріп, қарсылық білдірген кім деген талас әлі де толастамауда.

Жақсының аты өшпейді

Мақала авторы жерде Кешірім Бозтаевтың әлгіндей хат жазуына, сол кезде Семейде мұғалімдердің білімін жетілдіру курсына уақытша келіп жатқан

мұғалімдердің облыстық партия комитетіне жазған қарсылық хаты түрткі болған сияқты деген жорамалды да айтып өтеді.

Олар бұл хатында осы уәлаяттағы (облыстағы) радиацияның мөлшерін білгісі келетінін, дүкендерде ет, сүт, көгөніс, жеміс-жидек жетіспейтінін де еске салған көрінеді.

Сондай күндердің бірінде В. Пигаваев пен идеология жөніндегі хатшы Григорий Мищенконы обкомның бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев шақырып алып, бұдан әрі төзуге болмайтынын айтып СОКП ОК-нің Бас хатшысы Михаил Горбачевқа дереу хат (шифровка) даярлауға пәрмен береді.

«Тәуекел. Мен сол хатқа өзім қол қояйын»,

– дейді К.Бозтаев.

https://kaz.365info.kz/bekbolat-a-a-tobyrdy-s-zin-ty-dama-yz-olarda-a-yl-zho-241294

Хат дәл сол күні М. Горбачевтің үстелінің үстінде жатады.

Көп ұзамай, КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары, әскери-өнеркәсіп комиссиясының төрағасы И.С. Белоусов бастаған үкімет комиссиясы да келіп жетеді.

Міне, бұл Семейдегі ядролық полигонды  жабудың бастамасы ғана еді дейді автор.

Бұл жерде біздің бұған қосарымыз мынау ғана: Сол кезеңде Мәскеуде М.Горбачев пен АҚШ президенті Р. Рейган ядролық қаруды қысқарту туралы кездесу өткізіп, соның нәтижесінде, Американың Невада штатындағы (көпшілігі үндістер тұратын) ядролық алаңды, Қазақстандағы Семей полигонын (көпшілігі  қазақтар тұратын) жабу туралы уағдаластыққа қол қойылған-ды.

Сөйтіп, КСРО жағынан құрылған комиссия – Неваданың, ал АҚШ жағынан құрылған комиссия – Семейдегі полигонның жабылуын қадағалайтын болды. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы осы кезде дүниеге келген болатын…

 

Жоғарыда келтірілген әңгімелерге қарап отырып, Семей полигонын жаптыруды алғашқы болып қолға алған азамат Кешірім Бозтаевтың аты аталмайтыны көкіректе көмулі жатқан көп нәрсені қозғамасқа амал  қалдырмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз