Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Olx-қа кіргем…”. Бір ақтөбелік Интернет алаяқтың құрбаны болды

Ол OLX сайтына кіргенде “Арзан бағада ұялы телефон сатылады, жеңілдік жүріп жатыр” деген хабарламаны көрген. Қызығушылық танытқан ол хабарлама иесіне мән-жайды сұрап, хат жазған. Сөйтсе, хабарлама иесі: “Сіз маған жеке куәлігіңізді суретке түсіріп жіберіңіз, біз сізге поштамен ұялы телефонды салып жібереміз, жеткізу құны – 3 мың теңге. 3 мыңды киви әмиянға салсаңыз, мен сізге осы ұялы телефонды жіберем”, – деген.

“Ойымда ештеңе жоқ, жеке куәлігімді ұстап тұрып, суретке түсіп әлгі кісіге жібердім. Келесі күні ол менің суретімді, бала-шағамның суретін пайдаланып,

менің атымнан Instagram желісіне түрлі аккаунт аша бастады. Аккаунт арқылы жалған ақпарат таратып, халықты алдауға кірісті. Көзіме түскені – бес аккаунт. Әртүрлі атпен бір бума ақша ұстап тұрған видеосын жүктейді. Бұның бәрі – жалған.

Әсіресе Ақтөбе қаласының тұрғындарынан алданып қалмауларын сұраймын”, – дейді Жәңгір Исақаев.

Жәңгір – әйелі, екі ұлы бар электрик. Жәңгірдің әйелі де бұл бассыздықтың тезірек ауыздықталуын қалайды.

“Белгісіз алаяқ Whatsapp желісінен де өтірік аккаунт ашып, суретке күйеуім мен екі баламның суретін қойған. “Сотқа береміз” деп жазсақ та, қорықпай отыр”, – дейді Жәңгірдің жұбайы Махаббат Сержанқызы.

Алаяқтың құрбаны болған Жәңгір мен Махаббат Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасына арызданғандарын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз