Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Өлтіріпті…”. Сауд Арабиясы Трамптың қаһарына ұшырады

154

Сауд Арабиясы үкіметі жариялаған мәліметте: «Хашогги консулдықта өзі кездескен адаммен атыс барысында көз жұмған, тергеу әлі жалғасуда, осы іспен қатысы бар делінген 18 сауд арабиялық азамат қолға алынды», – делінген.

Ал, Сауд Арабияның БАҚ құралдары, король Салман әс-Саудтың екі бірдей жоғары лауазымды тұлғаны қызметтен босатқанын жариялауда.

Президент Трамп осыған байланысты жасаған мәлімдемесінде: «Сауд Арабия біздің  маңызды одақтасымыз. Бірақ, мынандай оқиғаның болғанын қабылдауға шарасызбын», – деді.

Бірақ, ол сөзінің соңында: «Сауд Арабиясының Хашогги өлімі туралы алғашқы мәлімдемесі сенімді. Эр-Рияд дұрыс қадамға барған», – деді.

Алайда, Конгресстің кейбір мүшелері Сауд Арабиясының алғашқы мәлімдемесінің сенімділігіне күмән келтірген.

Трамптың саяси жақтасы, Республикашылдардың Сенаттағы мүшесі Линдси Грэм: «Мен консервативті түрде Сауд Арабиясының бұл мәліметіне күмән келтіремін», – деді. Осыдан бұрын Трамп: «Тергеу нәтижесінде Сауд билігі журналист Хашоггиді өлтіргені расталған күнде де, Құрама Штат Сауд Арабиясына қару сатуды тоқтатпау керек. Себебі, біз қару сатпасақ, Эр-Рияд Қытайдан немесе Ресейден қару сатып алатын болады», – деген болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз