Министрлердің ауысуынан жүйе өзгермейді. Шенеуніктер өз істеріне жауап берулері керек.
ҚР Ауыл шаруашылығы министріне Ербол Қарашөкеевті тағайындады
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына Мәлік Олжабеков тағайындалды. Сонымен қатар, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Тағайындаулар еліміздің кейбір өңірлеріндегі әкімдіктер деңгейінде де орын алды.
Саясаттанушы Максим Казначевтің айтуынша, соңғы тағайындаулар көбінесе форс-мажорлы болды.
– Еске сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі іс жүзінде бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кеткеннен кейін бірнеше ай бойы міндетін атқарып келе жатқан болатын.
Қорғаныс министрінің ауысуына келетін болсақ, бұл Жамбыл облысындағы жарылыстарға байланысты екені анық. Сондықтан бұл орынға бұрынғы министрдің бірінші орынбасары келді
Жалпы, тағайындалған шенеуніктер – бұл ауыл шаруашылығы министрі сияқты бұрын тағайындалған министрдің нақты жариялануы, немесе қорғаныс министріндегі жағдай тәрізді бірінші орынбасармен алмастырылуы.
Максим Казначеев
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне келетін болсақ, мұнда билік цифрландырудың кешігіп жатқандығы тұрғысынан жұмысты күшейтуге тырысты. Сонымен қатар, жаңа оқу жылы басталды және бәрі қайтадан қашықтықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін. Тиісінше, Цифрлық даму министрлігі мен Білім министрлігінің жұмысына ерекше назар аударылатын болады.
Сондықтан, менің ойымша, бұл тағайындаулардан қандай да бір серпіліс күту орынды деп ойламаймын. Министрліктерде бірінші билікке ие болғандар бұрын бірінші вице-министрлердің орнында отырған және, негізінен, ведомстволардың жұмысымен таныс адамдар. Олар өз министрліктері үшін ерекше және серпіліс әкелмейді”, – дейді саясаттанушы.
Казначеев басқа, кішігірім тағайындауларға ерекше мән берудің қажеті жоқ деп санайды. Олардың барлығы кадрларды ағымдағы ротациялау шеңберінде орын алды. Сондықтан мемлекеттік органдар жұмысының түбегейлі жақсаруына үміт артудың қажеті жоқ. Бұл маңызды шенеуніктер де, лауазымдар да емес.
Онымен саясаттанушы Қазбек Бейсебаев та келіседі. Оның пікірінше,
шенеуніктердің ауысуы ештеңені шешпейді. Бәріне жүйелік қиындықтар кінәлі. Ең бастысы, үкіметтің есеп бермейтіндігі болып табылады
— Біздің Үкімет депутаттар алдында да, халық алдында да есеп бермейді. Оған бақылау жоқ. Оның жарқын мысалы, Арыстағы жарылыстардан кейін екі жыл өтсе де ештеңе өзгермеген және Таразда тағы да жарылыстар орын алды.
Министр Нұрлан Ермекбаев қалған жауынгерлік снарядтарды жоюды жүзеге асыруы тиіс еді, бірақ әскери бұйрықтар талқыланбайтынына, бұлжытпай орындалуы тиіс екеніне қарамастан орындамаған
Немесе ауыл шаруашылығын алайық: жазда мал қырылып, шенеуніктер жауапкершілікті бір-біріне арта бастады. Нәтижесінде малдың қырылуы жалғасты, шөп тапшылығы күшейді. Өткенге көз жүгіртсек, бұрынғы министр Асылжан Мамытбековтың Қазақстан 60 мың тонна ет экспорттайды деген уәдесі есіме түседі.
Қазбек Бейсебаев
Олай болған жоқ, бірақ қазір біз Мәскеуден ет өнімдерін импорттап отырмыз.
— Елімізде басқару жүйесін өзгерту керек. Үкімет, министрлер және олардың орынбасарлары өз әрекеттері мен уәделеріне жауап беруі үшін. Ол үшін таңдау болуы керек. Бізде ол жоқ – отыз жыл бойы бір партия басқаруда. Ал
демократиялық елдерде, егер министр өз уәделерін орындамаса, оны сайлауда ауыстырады. Ал бізде үкімет қаңтар айындағы сайлаудан кейін толық құрамда өз орнында қалды,
– деп саясаттанушы өз пікірімен бөлісті.
Бір нәрсені өзгерту үшін саяси реформалар қажет. Бірақ билік оған бармайды.
– Негізгі саяси реформа – біздің ауыл әкімдерін сайлап жатырмыз дегеніміз. Бірақ оларға да бірден мемлекеттік қызметтегі міндетті еңбек өтілі болуы керек деген кедергі қойылды
Ал егер қарапайым ауыл адамы әкім болғысы келсе ше? Ол ауыл шаруашылығын қалай көтеру керектігін білмей ме?! Сондықтан бұл жағдайда саяси реформа тек қана көрініс тәрізді, – деп түйіндеді Бейсебаев.