Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Өлкетану” оқулығына Әсет Исекешев пен тележүргізуші Майя Бекбаева еніп кетіпті

364

Оқу бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының негізінде жазылған. Бағдарламаның мақсаты —  өскелең ұрпақтың бойында потриоттық сезімді қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.

Оқулыққа төрт пән кіріктірілген

Оқулық Қазақстанның барлық облысы мен ірі қалаларының тарихы мен мәдениеті, әдебиеті негізінде жазылған. Сонымен қатар, әр облыста дүниеге келген танымал тұлғалар жайлы да ақпарат бар.

Оқулықта төрт пән кіріктірілген: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, музыка және география.

Кітап авторларының айтуынша, “Өлкетануды” мектепте оқытуға бір жылға 20 сағат бөлініп отыр. Арнайы жаңа маман даярлаудың қажеті жоқ. 20 cағаттың 12-сін тарих пәнінің мамандары жүргізеді. Жиырма сағаттың 5-еуі  5-сыныпқа, 7 сағат 6-сынып оқушыларына, ал қалған 8 сағат жетінші сынып оқушыларына арналған.

Авторлардың пікірінше, оқулық оқушының өз бетінше ізденіп, терең білім алуына көмектеседі.

https://kaz.365info.kz/balanyn-miyn-ashytyp-khazakhtardy-mangyrttendirudi-ojlagan-sayasat-pa-251963

Оқулықты сегіз мұғалім жазған

Алматы қаласы бойынша жазылған “Өлкетану” оқулығын 8 автор бір жылда жазған.

“Оқулықтың құрылымдық жағын “Ой” сөзімен байланыстырып алдық. Кітап “Ой серпін”, “Ой қазына”, “Ой қазық”, “Біліп жүр” айдарынан тұрады. “Ой серпін” оқушылрадың қызығушылығын арттыратын айдар болса, “Ой қазықта” сабаққа қатысты жалпы мәлімет, “Ой қазына” айдарында тереңдетілген дерек берілсе, “Біліп жүр” бөлігінде тақырыпқа байланысты тың мәлімет келтірілген”, — дейді оқулық авторларының бірі Гүлмира Рыскелдиева.
https://kaz.365info.kz/astana-kimi-fejsbukte-otyrady-eken-isekeshev-zine-ta-yl-an-syn-a-zhauap-berdi-241929

Әсет Исекешев блогерлер қатарында

Ал Астана қаласы жайында жазылған оқулықтың ішінде танымал блогерлер де жүр.

Олардың арасында Астана қаласының әкімі – Әсет Исекешев, тележүргізуші Майя Бекбаева, журналист Динара Сәтжан бар.

Жалпы, оқулық қазақ тілінде жазылған. Орыс тіліне аударма жасалыпты.

Ал оқулықтың таралымы тапсырыс беруші облыстарға байланысты. Алайда авторлардың айтуынша, алдағы уақытта еліміздің мектептеріндегі 5-7 сынып оқушыларының барлығы жаңа оқулықпен қамтылады.

Фото: © Sputnik / Айгерім Таубай
https://kaz.365info.kz/aset-isekeshev-byl-kisi-ne-tyndyrdy-ne-byldirdi-289556

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз