Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Олимпиаданың алғашқы күнінде 1 күміс, 1 қола иеленген Қазақстан жалпы есепте 10-орында

Олимпиаданың алғашқы күні жарыс жолына шыққан өзге спортшыларымызға келсек. Боксшыларымыздан бірінші болып шаршы алаңға шыққан Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысынан ұтылып қалды.

Велоспортшыларымыздан 237 шақырымдық қашықтықта ел намысын қорғаған Андрей Зейц мәре сызығын сегізінші болып кесті.

Брасс әдісімен 100 метрге суға жүзуден өнер көрсеткен отандасымыз  Дмитрий Баландин 59,47 секунд нәтижемен тоғызыншы орынға табан тіреп,  жартылай финалға өтті.

Үстел теннисінен қазақстандық Кирилл Герасименко алғашқы айналымында венгриялық спортшы Адаму Паттантиушу – 1:4 (9:11, 9:11, 11:7, 7:11, 9:11) есебімен ұтылды.

Ал пневматикалық қарудан оқ атудан өнер көрсеткен жерлестеріміз  Владимир Исаченко мен Рашид Юнусметов финалға өте алмады. Владимир Исаченко 575 ұпаймен 23-орынға табан тіресе, Рашид Юнусметов 567 ұпай жинап, 40-орыннан көрінді.

Бүгін Қазақстан спортшыларынан ең соңғыларының бірі болып, 48 келідегі ауыр атлет қызымыз Маргарита Елисеева өнер көрсетті. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 187 (80+107) келіні бағындырып, алғашқы Олимпиадасын 5-орынмен аяқтады.

Сонымен Қазақстан Олимпиаданың алғашқы күнінде бір күміс, бір қола еншіледі. Әзірге жалпы командалық есепте жарыс қожайыны Бразилияны артқа тастап, оныншы орында тұрмыз. Топ басында бір алтын мен бір күміс бар Оңтүстік Корея мен АҚШ. Ал Аргентина, Бельгия, Венгрия, Ресей, Таиланд, Вьетнам бір-бір алтыннан еншілеген.

Бүгін жалпы 16 мемлекетке медаль бұйырды. Әзірге 1 алтын, 2 күміс медаль олжалаған АҚШ көш бастап тұр. Оны мына кестеден көре аласыздар.

Олимпиаданың бірінші күні үздік ондыққа кірген 10 ел:

 

Мемлекеттер Алтын Күміс Қола Жалпы медаль
1 АҚШ 1 2 0 3
2 О. Корея  1

 

1 0 2
3 Жапония 1 0 3 4
4     Венгрия 1 0 0 1
5 Аргентина 1 0 0 1
6     Бельгия 1 0 0 1
7 Вьетнам 1 0 0 1
8 Ресей 1 0 0 1
9 Қытай 0 1 3 4
 10 Қазақстан 0 1 1 2

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз