Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-13
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Олимпиада-2018: Қос Корея бір тудың астына бірігеді

Енді қос елдің спортшылары төрткүл дүние көз тігетін доданың салтанатты ашылу рәсімінде бір тудың астында жүріп өтеді.

Айта кетерлігі, Олипиаданың ашылу кезінде екі ел алғаш рет бір тудың астында шыққалы отырған жоқ. Осыған дейін 2000, 2004 жылғы Жазғы Олимпиадада және 2006 жылы Туринде (Италия) өткен қысқы Олимпиада кезінде де қос Кореяның спортшылары бір тудың астында жүріп өткен болатын. XXIII қысқы Олимпиада ойындарына КХДР елінен 150-ге жуық спортшы, 200-ден астам жанкүйер барады деп жоспарланып отыр. Осыған дейін айтып өткеніміздей Оңтүстік Корея мен КХДР хоккейден ортақ әйелдер командасын құру туралы келісімге келген болатын. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз