Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Өліктің иісі шығыпты…”. Сары Алмастың қызы әкесі туралы шындықты айтты (фото)

1110

Сары Алмас осыдан 20 жыл бұрын қайтыс болды. Ел оны әлі ұмытқан жоқ . Гүзәл әкесінен 9 жасында айырылып қалған. 

 

Айтуынша, әкесі қылмыстық әлемге ұмтылмаған. Қылмысқа қатысты дүниелерден аулақ жүруге тырысқан. Музыкамен, қайырымыдылықпен және спортпен айналысқан. Шекпеген, ішпеген. Есірткіні иттің етінен жек көріпті. Бизнеспен айналысқысы келіп, бұл салада өз орнын табуға ұмтылған. 

https://kaz.365info.kz/onaev-pen-atyshuly-sary-almazdy-gimesi-220329

Сары Алмас саясатты да жақсы біліпті. Бірнеше тілді меңгерген. Көп оқыған. Өзінің рухани байлығын толықтырып отырыпты. Тіпті емшілікпен де айналысқан. Сәнді киімдерді де ұнатқан екен. Әсіресе, әйгілі Versace брендін жақсы көрген. Сұлулық салондарына барып тұрған. 

“Егер ол сіздер ойлаған бандит болса, көше мен кафеде атыс ұйымдастырып, көлігінде шансон тыңдаушы еді. Менің әкем мүлдем мұндай емес еді”

дейді Гүзәл,. 

Гүзәл әкесінің басқа да істерін айтыпты. 

https://kaz.365info.kz/ryzhij-almaz-kim-edi-video-233783

Жас кезіндегі Сары Алмас Семейде “Адидас” футболкасын “штамповать” еткен екен. Осылайша табыс тапқан. 

Есейе келе “Сарыарқа” кинотеатрының тұсынан вафли жасайтын цех ашқан. Ал Алматыдағы Орталық парктің жанынан газдалған сусындар саудалапты.  

Сол кезде Несіпбайға рэкеттер келіп, табысының жартысын беріп отыруды талап еткен. Бір емес, бірнеше рет келген. Міне, сол кезде Сары Алмасқа каратэ мектебінің оқушылары көмек қолын созыпты. 

“Солардың арқасында әкемнің бизнесіне таласқандар тайып тұрды. Жоқ, мен әкемді ақтап алғым жоқ. Ол абақтыда отырды. Жасаған қылмысы үшін әділ жазасын алды” 

дейді Гүзәл. 

Кішкентай кезінде түрмедегі әкесіне хат жолдап тұрады. Алайда аз уақыттан кейін Несіпбайға елді тастап кетуге тура келген. 

Әкесі туралы естеліктер есінде сақталғанмен Гүзәл  анасы туралы ештеңе білмейді. Анасын 28 жасында өлтіріп кеткен, ал Гүзәл ол кезде нәбары 3 жаста екен. 

“Осы уақытқа дейін Сары Алмастың қызы екенімді жасырып келдім. Әкем мені ханшайым қылып өсірді. Әкемнің тірі кезінде отбасымызды арнайы күзетшілер қорғайтын. Жағдайымыз жақсы болатын” дейді Гүзәл. 

https://kaz.365info.kz/lakhap-aty-adil-khytaj-atakhty-sary-almastyn-seriktesi-ystaldy-foto-266073

16 жасында Гүзәл өздігінен жұмыс істей бастайды. Әкесінен қалған мұра жоқ. Қазір Гүзәл Мәскеудегі психоанализ институтында оқиды. 

Жерлеу күні

Несіпбайдың денесін 1998 жылы 31 мамырда Барселонадан Қазақстанға алып келді. 

Картинки по запросу несипбай насенов

“Көңіл айтушылардың санында есеп болған жоқ. Сыртта полицейлер бақылап тұрды, шатырларда снайперлер отырды. Полицейлер жерлеу рәсімінде де шатақ шыға ма деп қорықса керек”.

Әкемді Бағанашылда жер қойнына тапсырды. Білетіндердің айтуынша, әкем өз өлімін сезсе керек. Өлер алдында достарына хабарласып, үстінен өліктің иісі шығатынын және бұл иістен арыла алмай жүргенін айтыпты” 

дейді Гүзәл. 

Айтуынша, Сары Алмастың қарақшы дейтіндер қатты қателеседі. 

https://kaz.365info.kz/bir-zhagdaj-boldy-ajgili-ryzhij-almazdyn-22-zhastagy-yly-zhajly-ne-bilemiz-315685

“Әкем заңды бизнеспен айналысқан Қазақстандағы алғашқы адам. Алдағы уақытта әкем туралы кітап жазбақпын. Қазір осы туралы материал жинастырып жүрмін. Жастар әкем туралы білуі керек деп санаймын” дейді ол. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз