Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Өлікті жерлеудің әлемдегі ең сорақы 10 дәстүрі

1128

2. Мәйітпен билеу

Мадагаскар жақта мерина деген халық тұрады. Олар өлген адамды екі рет жерлейді екен! Бірінші рет – тып-тыныш жағдайда, уақытша жерлеп қояды. Бірнеше жылдан кейін өліктің еті ажырап, қу сүйегі қалған кезде қайтадан қазып алып, туған-туыстар ғана жерленетін арнайы қорымға көшіреді. Көшіру барысында туысқандар сүйекті матаға орап, онымен билеуі тиіс. Әбден билеп болғасын сүйекті қайта көмеді. Туыстар асқа жиналады. Бұл енді үлкен қуаныш, той іспетті өтетін рәсім. Енді, өлгеніне ендігі талай жыл өтті емес пе? Өлікпен билейтін себебі: қашанғы жата береді, бір көңіл көтеріп, сүйектерін сергітіп алсын дегені.

3. Кейін жерлейік

Индонезиядағы бір провинцияда өлікті жерлеу рәсімі үйлену тойына ұқсайды. Қонақтар көптеп келеді, табыттың жанында ішіп-жеп, көңіл көтереді. Аста-төк тамақ, спирттік ішімдік деген шелектеп ішіледі. Бұл тойға адамдар кісі өлгеннен кейін бірнеше жыл бойы дайындалады. Ия, өлгеннен кейін. Тойға жететіндей ақша жиналмайыша, өліктің сүйегі үйде сақталады екен. Жерленгенге дейін өлікті «науқас» санап, анда-санда матасын ауыстырып тұрады. Тіпті онымен сөйлесіп те қояды.

4. Құстарға жегізу

Тибетте сөйтеді. Таулы-тасты жерде көр қазу мүмкін емес, өртеуге де рұқсат жоқ. Оның үстіне, тибеттіктер «адам өлген соң да пайдасын тигізуі керек» дегенге сенеді. Сол себепті олар өлген кісінің етін ұсақтап турап, ұнға шылап, арнайы жерге апарады. Өлікті жеп үйренген құстар сонда келіп, өздері-ақ бәрін қатырады.

5. Біртүрлі табыттар

Гана — Батыс Африкадағы шағын мемлекет. Олар өлген кісіге арнап неше-түрлі қалыптағы табыт жасатады. Фермерге тауық түріндегі, жүргізушіге автокөлік түріндегі табыт жасайды. Қысқасы, әркім ойына келгенін жасата алады. Бірақ мұндай біртүрлі табыттың ішінде өліктің қалай жататыны ешкімді қызықтырмайды. Сыймай қалса, бүктеп-бүктеп, нығыздап тұрып тыға салатын көрінеді.

6. Өзін-өзі мумиялау

Кей буддист-монахтар асықпай өзін-өзі өлтіреді. Алдымен арнайы диетаға отырып, арнайы жаттығулар жасап, денесіндегі майдан арылады. Сосын судан арылады. Одан кейін ағаштың қабығын ғана кеміріп, 1000 күндік диетаға отырады. Ең соңғы кезең – монах өзінің тас зиратына келіп, лотос позасын қабылдап, өлгенін күтеді. Әрі ол күн сайын арнайы қоңырауын сыңғырлатып отырады. Әлі тірі екенін жұрт білсін деп. Қоңыраудың үні өшкенде басқа монахтар зираттың есігін 1000 күнге тарс бекітеді. Солай өлік мумияға айналады.

7. Өлген қатын іздейді

Тағы Қытай. Жалпы, қытай халқының санасы алабөтен. Үйленбеген, бойдақ еркек қайтыс болса, немесе оның жесір әйелі басқа күйеуге тиіп кетсе – марқұмға тез арада басқа әйел іздейді. О дүниеде жанында бір әйел болсын дегені.

8. Өліктен жасалған гауһартас

Ежелгі наным-сенімдерді айтпағанда, кісі жерлеудің жөн-жосығына технологиялық өркениет те өзгеріс әкелген. Мысалы, LifeGem компаниясы өлген адамды өртеп, оның күлінен асыл тастар жасап береді. Мұндай қызмет жоқ дегенде 20 мың доллар тұрады.

9. Салют ату

Қазір әлемде өлген кісіні соңғы сапарға ерекше салтанатпен шығарып салып беретін компаниялар көбейген екен. Керек десеңіз – салют алып, фейерверк жағып береді.

10. Ғарыш қойнауына тапсыру

Өлген адамның күлімен тағы не істеуге болады? Идея бар! Күлін ғарышқа ұшырып жіберіңіз. Жер қойнауына тапсыруды қойшы, ғарыш қойнауына тапсыру деген одан да керемет емес пе? Өлген адамның күлі ғарышқа алғаш рет 1997 жылы ұшырылған. Содан бері талай марқұмның күлі ғарышқа ұшты. Әлі де ұшырылып жатыр.


https://kaz.365info.kz/yndistannyn-symdygy-kieli-ozendegi-adam-shoshyrlykh-suretter-254318
Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз